Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Болашақты бірге құрайық.
Audi e tron-мен бірге электрлік мобильділіктің еліктіретін әлеміне бойлаңыз.

Жүріс қуаты мен қоры
Audi e‑tron қуатты 300 кВт-қа (408 а.к.) дейін дамытады, бұл ретте жүріс қоры 436 км-ді құрайды.

Виртуалды сыртқы артқы көрініс айналары
Олар автокөліктің аэродинамикасын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар, интеллектуалды цифрлық жүйелердің жаңа мүмкіндіктерін көрсетеді.

Ақпараттық ойын-сауық жүйесі
Audi e-tron сенсормен басқарылатын жоғары ажыратымдылықтағы екі дисплейі бар MMI жүйесімен жабдықталған. Дәстүрлі мультимедиа функцияларынан бөлек, жүргізуші мен жолаушыларға Audi электромобильдері үшін арнайы әзірленген, рекуперациялау жүйелерінің жұмысы, жүріс қоры және көлік жүргізу тиімділігі туралы ақпарат беретін бағдарламалар қолжетімді.




Үлкен қашықтықтарға сапарлар
Audi e‑tron үлгісінің жүріс қоры – 436 км – демалыс күндеріндегі сапарларды ғана емес, алыс саяхаттарды да жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл үлкен сыйымдылықты жоғары вольтты аккумулятор батареясының, сондай-ақ озық рекуперациялау жүйесінің арқасында мүмкін болады.

Үйдегі электр желісінен зарядтау

Audi e-tron туралы жиі қойылатын сұрақтар

Audi Mobility Check

Сіздің аймақтағы зарядтау станциялары
Отырыңыз да, жайлылықтан ләззат алыңыз

Екінші үйіңізге қош келдіңіз!
Бас үстіндегі және аяқ жақтағы мол кеңістік жайлы отыруды кепілдейді, ал жоғары сапалы материалдар үлгінің ерекше мәртебесін көрсетеді. Дыбыссыз деуге боларлық электр жетегінің арқасында мүмкін болған сапар кезіндегі таңғажайып тыныштықтан ләззат алыңыз.

Тіпті екінші қатарда да бірінші класты орындықтар
Audi e‑tron үлгісінің артқы орындықтарында үш адам ыңғайлы орналаса алады. Бұған қоса, артқы орындықтарды бүгу арқылы автокөліктің функционалдылығын қосымша арттыруға болады. Бұл жүксалғыш көлемін 1725 литрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Заманауи кокпит
Барлық жүйелердің интуитивтік тұрғыда түсінікті басқарылуының арқасында жүргізушінің электрлік мобильділікке ауысуы оңай және жылдам болады.
Электрлендіру егжей-тегжейлері
Audi e‑tron сыртқы келбетінде электрлендіру дәуірі жағдайларында қайта ойластырылған Audi дизайнының негіз қалаушы сипаттары көрініс тапқан. Жаңа жетек технологиясына сілтеме жасайтын стилистикалық детальдардың ішінде көрнекті табалдырықтарды, күндізгі жүріс шамдарының ерекше өрнегін, сондай-ақ шығару жүйесі келте құбырларының болмауын атап өткен жөн.
Тамаша шолу мүмкіндігі
Көлік жүргізуден мүлдем жаңа әсерлерді сыйлайтын виртуалды артқы көрініс айналары опция ретінде ұсынылады. Бүйірлік кронштейндерге орнатылған ықшам бейнекамералар есік қаптамасындағы 7 дюймдік OLED дисплейлерінде көліктің артындағы кеңістіктің суретін көрсетеді. Күн шақырайып тұрса да, жаңбыр немесе қар болса да, сондай-ақ қараңғы түнде де, басқа көліктердің шағылыстыратын жарығына қарамастан, дисплейлердегі сурет анық және контрастылы болады.

Бұл SUV көлігін басқа еш көлікпен шатастырмайсыз
Иық сызығы – автокөліктің бүйірлік дизайнының маңызды элементі. Сызық фаралардан артқы шамдарға дейін өтеді және Audi e-tron көлігінің төмен ауырлық ортасын баса көрсетеді.

Audi exclusive бағдарламасы
Audi exclusive ауқымды палитрасына, мысалы, ерекше қызыл «металлик» Tango түсі кіреді.

Таңғажайып спорттық келбет
Қара түсті әрлеу детальдарының опциялық топтамасы Audi e‑tron көлігіне ерекше сүйкімділік береді.