
Audi жоғары өнімді гибридті күштік қондырғымен жабдықталған бренд тарихындағы алғашқы суперкар — Nuvolari моделін таныстырды. 1001 а.к. қуаты, 350 км/сағ-тан жоғары максималды жылдамдық және Formula 1 технологияларынан шабыт алған инновациялар оны Audi тарихындағы ең қуатты әрі ең жылдам сериялық автомобильге айналады.

Audi технологиялық жаңғыру бағытын жалғастырып, төрт сақиналы бренд тарихындағы жаңа кезеңді бастайтын Audi Nuvolari моделін ұсынды. Суперкар небәрі 499 дана көлемінде шектеулі сериямен шығарылады, ал алғашқы клиенттік жеткізілімдер 2027 жылдың бірінші жартысында басталады.

«Audi Nuvolari — Audi болашағының, өнімділіктің жаңа түсінігінің және электрлендіру дәуіріндегі “Vorsprung durch Technik” қағидатының айқын көрінісі», — деді Audi бас атқарушы директоры Гернот Дёлльнер.
Formula 1 рухы — жалпыға ортақ жолдарда
Audi Nuvolari озық инженерлік шешімдерді, суперкарға тән эмоцияны және автоспорттан шабыт алған технологияларды біріктіреді. Жоғары өнімді гибридті күштік қондырғы 1001 а.к. қуат өндіреді, ал автомобильдің максималды жылдамдығы 350 км/сағ-тан асады.

Негізгі технологиялардың қатарында белсенді аэродинамика, көміртекті кузов элементтері бар жеңіл Audi Space Frame құрылымы және инновациялық quattro predictive ride жүйесі бар. Бұл жүйе жол жағдайын алдын ала талдап, автомобиль баптауларын автоматты түрде бейімдейді. Нәтижесінде динамика, тұрақтылық және басқару дәлдігі жаңа деңгейге көтеріледі.
«Nuvolari — жоғары өнімді гибридті күштік қондырғысы бар Audi-дің алғашқы суперкары. Ол аэродинамика, жүргізу динамикасы және тиімділік салаларында жаңа стандарттар қалыптастырады», — деді Audi Басқарма мүшесі, техникалық даму бағытының жетекшісі Рувен Мор.

Функцияға бағынған дизайн
Nuvolari Audi-дің жаңа дизайн философиясын толыққанды бейнелейтін алғашқы сериялық модель болмақ.
Автомобильдің айқын силуэтін жинақы беттер, дәл сызықтар және монолитті пропорциялар қалыптастырады. Әрбір элемент нақты функционалдық міндет атқарып, автомобильдің тұтас архитектурасына үйлесімді енеді. Ал интерьер жүргізушіге толық бағытталып, технологиялық әрі талғампаз кеңістік қалыптастырады.

«Audi Nuvolari “Vorsprung durch Technik” қағидатын ең эмоционалды түрде көрсетеді: бұл — технология арқылы қол жеткізілген прогресс», — деді Audi-дің бас креативті директоры Массимо Фрасчелла.
Автоспорт тарихында қалған есім
Суперкар автоспорт тарихындағы ең жарқын әрі батыл шабандоздардың бірі Тацио Нуволаридің құрметіне аталған. Ол жеңістерімен ғана емес, тапқырлығымен, өз ісіне адалдығымен және жеңіске деген мызғымас жігерімен есте қалды.

Бұл қасиеттер жаңа Audi Nuvolari моделінің де болмысынан көрініс тапқан: ымырасыз, технологиялық және өзгеше дүниені бағалайтындар үшін жасалған.
Audi Nuvolari жаңа дизайн философиясының таныстырылымы мен Audi-дің Formula 1 чемпионатына қосылуынан кейінгі бренд жаңғыруының тағы бір маңызды кезеңіне айналды. Жаңа суперкар жарыс тәжірибесі, инженерлік инновациялар және прогрессивті дизайн Audi болашағын қалай қалыптастыратынын көрсетеді.
Көрсетілген автомобиль сериялық өндіріске жақын прототип болып табылады.