Көз түйісуі: жаңа өлшем

Көз түйісуі: жаңа өлшем

Шанақ дизайнында көрнекті седанның эстетикасы мен спорттық динамика тамаша үйлеседі. Марка тарихымен таныс адамдар үшін ол quattro толық жетегі бар ең алғашқы үлгіні еске түсіреді.

Керемет тәуелсіз: жаңа Audi A8 L сипаты осындай

Көру және көріну

Көру және көріну

Заманауи фараларда қолданылатын, жарық түсіру қашықтығының артуы мен энергия тиімділігін қатар қамтамасыз ететін жарық диодты технология көрнекті инженерлік жетістіктердің қатарына жататындығы сөзсіз. Бірақ одан да асып түсетін уақыт келді. Audi laser light лазерлік жарық технологиясымен жабдықталған HD Matrix LED матрицалық жарық диодты фаралары Audi A8 L көлігіне опция ретінде ұсынылады.

Қорытынды акцент

Үш өлшемді дизайнда орындалған Audi Matrix OLED артқы шамдары жаңа Audi A8 L көлігінің ұзақ уақыт есте қалатын ерекше жарық бейнесін қалыптастырады. Органикалық жарық диодтары (OLED) технологиясы жарығы бірқалыпты реттелетін біркелкі геометриялық пішіндер жасауға мүмкіндік береді. OLED технологиясы бойынша орындалған артқы шамдармен бірге алғандағы жарық диодты жолақтың арқасында жаңа Audi A8 L көлігін тіпті қараңғыда да айна-қатесіз тануға болады.

Жеңілдікпен алға

Болжау функциясы бар Audi A8 L инновациялық белсенді аспасы

Болжау функциясы бар Audi A8 L инновациялық белсенді аспасы

• Жоғары жайлылықтан бастап керемет маневрлілікке дейінгі баптаулардың кең ауқымы;

Жол саңылауын реттеу

Жол саңылауын реттеу

Белсенді аспа электрмеханикалық жетектердің көмегімен басқарылады. Олар жолдағы нақты жағдайға бейімдеп, жол саңылауын өзгертеді. Мысалы, небәрі жарты секундтың ішінде шанақты барлық төрт бұрышында 85 мм-ге көтереді немесе түсіреді.

Шексіз жайлылық па, әлде спорттық динамика ма? Таңдау өзіңізде!

Шексіз жайлылық па, әлде спорттық динамика ма? Таңдау өзіңізде!

Болжау функциясы бар белсенді аспа сипаттамалардың барынша кең ауқымын қамтамасыз етеді. Пневматикалық аспамен және стандартты жабдыққа кіретін Audi Drive Select жүйесімен мінсіз үйлесімнің арқасында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізіледі.

Инновациялық болжау функциясы

Инновациялық болжау функциясы

Audi AI active suspension жаңа аспасы, ағымдағы жол жағдайын ескере отырып, Audi A8 L белсенді тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Audi A8 L белсенді аспасы автокөліктің алдындағы арнайы бейнекамерадан алынған деректер негізінде басқарылады.

Көлденең жүктеменің азаюы

Көлденең жүктеменің азаюы

Тағы бір инновациялық артықшылық — көлденең жүктеменің азаюы. Бұрылысқа кіру кезінде аспа көлік шанағының сыртқы жағын көтеріп, ішкі жағын түсіреді. Осылайша, Audi A8 L спорттық мотоцикл сияқты 3 градусқа дейінгі бұрышта ішке қарай еңкейеді.

Жаңа интеллектуалды көмекші жүйелер

Сізге көмектесу үшін бар жақсымызды береміз. Көптеген инновациялық технологиялар жолда жан-жақты қолдау көрсетіп, жоғары деңгейдегі жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Барлығы
Радар
Камера
Ультрадыбыс
Лазерлік сканер
Радар
Камера
Ультрадыбыс
Лазерлік сканер
Сіздің шаршамайтын көмекшілеріңіз

Сіздің шаршамайтын көмекшілеріңіз

Audi A8 L көлігімен Сіз қуатты көлік иесі үшін сирек жағдай болып табылатын керемет тыныштық сезіміне бөлене аласыз. Сіз мұқият ойластырылған және өзара байланысты жүйелердің бұрын-соңды болмаған көп санын өз қалауыңыз бойынша қолдана аласыз.

Сәнділіктің жаңа көрінісі

Салонды қосымша жарықтандыру топтамасына кіретін жоғары дәлдіктегі жарық бағыттағыштарының көмегімен интерьерді фондық және контурлық жарықтандырудың әр түрлі сценарийлері жасалады. Бұл дизайндағы қосымша жарқын акценттерді белгілейді және салонда отырған адамдарға ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Жоғарғы деңгейдегі сапар

Жоғарғы деңгейдегі сапар

Қалай болғанда да, діттеген жеріңізге шаршамай, жайлылықпен жететініңізге сенімді бола аласыз. Бұл пайдаланудың оңайлығы мен ақылға қонымдылығының арқасында ең талапшыл сұранымдардың өзін қанағаттандыратын әр түрлі жабдықтардың арқасында мүмкін болады.

Ләззаттан... тынысың тарылады

Air Quality топтамасы бүкіл салонға жағымды, нәзік хош иісті таратады, бұл үшін жай ғана MMI жүйесіндегі тиісті бөлім арқылы команда беру жеткілікті. Қалауыңыз бойынша таңдауға парфюмші мамандар Ауди A8 L салоны үшін арнайы жасап шығарған әр түрлі екі хош иіс ұсынылады.

Нағыз өзіңіздікі

Нағыз өзіңіздікі

Сіздің өзіңіздің жеке басыңызға дәл сәйкес келетін безендіруді таңдау — нағыз керемет. Бұл мәселеде Audi exclusive жаңа бағдарламасы көмектеседі. Ол Audi A8 L салонын демалу орнына айналдырады, әрі оның ішінде бәрі ерекше дара болады. Көп ынтаны қажет ететін былғары мен ағашты өңдеу толықтай қол еңбегімен жүзеге асырылады.

Келесі қадамда — пішін және функция

Дәстүрлі түймелер мен ауыстырып-қосқыштардың орнына тактильді кері байланысы мен логикалық интерфейсі бар соңғы үлгідегі сенсорлық дисплейлерді қолдану көлік жүргізуде мүлдем жаңа сезімдерді сыйлайды. Соңғы буындағы ақпараттық ойын-сауық жүйесімен өзара әрекеттесу бұрынғыдан да қарапайым және интуициялық тұрғыда түсінікті бола түсті. Жүргізушіге арналған аспаптар тақтасы кокпитке заманауи және сәнді көрініс береді.

«Межелі орынды енгізу» индикаторы
Қалалардың үш өлшемді үлгілері
Air Quality
«Межелі орынды енгізу» индикаторы
Қалалардың үш өлшемді үлгілері
Air Quality
Айырмашылығын сезініңіз

Айырмашылығын сезініңіз

Audi A8 L салонында алғаш рет болған кезде, кейбіреулер сәл сасқалақтап қалады. Әрине: біз көп жылдар бойы үйреніп қалған аспаптар мен басқару құралдары мұнда мүлдем жоқ деуге болады. Көп функциялы сенсорлық беттерге қозғалтқышты іске қосқан кезде жан бітеді.

Шешуге болмайтын мәселе

Шешуге болмайтын мәселе

Кезінде Audi MMI жүйесі навигацияда төңкеріс жасады. Навигация бұрын-соңды ешқашан соншалықты түсінікті және көрнекі, пайдалануда оңай және ақпараттылығы жоғары болған емес. Аталған артықшылықтар жүйенің жаңа буынында да көрініс тауып, пайдаланушыны бұрынғыдан да мұқият ойластырылған орындалуымен қуантуда.

Босаңсу және басқару

Босаңсу және басқару

Audi A8 L көлігінде «Бұл жерде кім басшы?» деген сұрақ әбден орынды. Бұл көлікті тізгіндеу – нағыз рахат. Бірақ артқы орындықта отырып жол жүруден алатын эмоцияларыңыз бұдан еш кем болмайды.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: 8 (778) 017-37-44 Email: Info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу