
11 қазанда Audi Kazakhstan F1 жарысын бірге тамашалаудың жаңа форматын ұсынып, Көктөбені автоспортты, автомобиль мәдениетін және ауқымды қалалық іс-шараның ерекше атмосферасын тоғыстырған кеңістікке айналдырды.
Бұл күні Гран-при жарысын тамашалаудың үйреншікті форматы үйдегі теледидар экрандарының шеңберінен шықты. Мыңдаған алматылық Көктөбеге көтеріліп, ашық аспан астында, Алматының панорамалық көрінісі аясында комментаторлардың сүйемелдеуімен өткен Сингапур Гран-приінің тікелей көрсетілімі — Audi Race Day іс-шарасына қатысты.
Үлкен экран алдындағы кеңістік Audi брендіне тән эстетикада безендірілді: қызыл және графит түстес креслолар, ықшам әрі талғамды сахналық безендіру мен мұқият ойластырылған жарықтандыру автоспорттың қарқынды динамикасын еркін кездесудің жайлы атмосферасымен үйлестірді. Алаң біртіндеп көрермендерге толды. Олардың қатарында F1 жанкүйерлері, балалы отбасылар, достарымен бірге келген қонақтар және үлкен автожарыстар әлемімен алғаш рет танысып отырған көрермендер болды.
![]() |
![]() |
Іс-шараның ерекше атмосферасын қалыптастыруда комментатор маңызды рөл атқарды. Оның түсіндірмелері трассадағы оқиғаларды баяндаумен ғана шектелмеді: жарыс стратегияларын талдау, шешуші сәттерге назар аудару және аудиториямен тікелей байланыс орнату көрермендерге Гран-при драматургиясын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Шешуші айналымдардағы шиеленіс, күтпеген басып озулар мен жанкүйерлердің әсерлі реакциялары F1 тек технологиялық бәсеке ғана емес, сонымен қатар ортақ эмоция мен әсерге негізделген ерекше мәдениет екенін көрсетті.
Тікелей көрсетіліммен қатар Audi Garage кеңістігінде де өзіндік тарих өрбіді. Экспозиция әртүрлі буындағы автомобильдерді біріктіріп, брендтің дизайн тілі, инженерлік ойы мен өзіндік болмысының эволюциясын айқын көрсетті. Ерекше назарды Audi брендінің спорттық мұрасының ең жарқын символдарының біріне айналған ашық қызыл түсті Audi R8 аударды. Классикалық және заманауи автомобильдердің қатар ұсынылуы Audi тарихының өткені мен бүгіні арасындағы көрнекі үндестікті қалыптастырды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Race Day бағдарламасы тек жарыс көрсетілімімен шектелген жоқ. Тақырыптық викториналар, интерактивті белсенділіктер және Audi мен іс-шара серіктестерінің сыйлықтарын ұтысқа ойнату көрермендерді оқиғаның белсенді қатысушыларына айналдырды. Автоспорт тарихын, командалар мен жарыс дәстүрлерін білу өзара пікір алмасуға себеп болып, F1-ге деген ортақ қызығушылық әртүрлі буын өкілдерін біріктірді.

Кештің әсерін іс-шара өткен орынның өзі де айрықша толықтырды. Музыкалық сүйемелдеу, тау бөктеріндегі күзгі бояулар, Алматының панорамасы және күн батқаннан кейін біртіндеп орнаған кешкі жарық жарыс трассасының қарқынды динамикасымен әсерлі контраст қалыптастырды. Көктөбе тікелей көрсетілім өтетін орын ғана емес, Audi Race Day атмосферасының ажырамас бөлігіне айналды.
![]() |
![]() |
Іс-шара автоспорттың дәстүрлі жарыс форматынан шығып, жаңа таныстықтарға, ортақ эмоцияларға, пікір алмасуға және пікірлес жандар қауымдастығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін кеңістікке айнала алатынын көрсетті.
Audi Kazakhstan үшін Race Day Қазақстанда F1 мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстың жалғасы әрі адамдарды брендке жақын құндылықтар — прогресс, технологиялар, динамика және жаңа көкжиектерге ұмтылыс төңірегінде біріктірудің тағы бір мүмкіндігі болды.







