конфигуратор
Daytona Gray Pearlescent
Daytona Gray Pearlescent Glacier White Metallic Ibis White Myth Black Metallic Navarra Blue Metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
1968 см3
Қозғалтқыш
190 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
400 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Жүз пайыздық бизнес-класс

Жүз пайыздық бизнес-класс

Сыртқы түрі

Сыртқы түрі

Жетілдірілген аэродинамика үшін жүксалғыштың қысқа қақпағы сәнді спойлермен толықтырылды, бұл – көріністі тәмамдайтын тамаша штрих.

Салон

Салон

Опциялар ретінде қолжетімді Audi design selection салонды әрлеу топтамалары интерьерде қолданылатын арнайы материалдар мен түстердің мұқият ойластырылған үйлесімдерін қамтиды.

Көлік жүргізуден алатын әсерлер

Көлік жүргізуден алатын әсерлер

Опциялар ретінде ұсынылатын ең заманауи электронды көмекші жүйелердің мол таңдауының арқасында Audi A6 жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кепілдік бере отырып, автокөлік бизнес-класындағы жаңа стандарттарды белгілейді.

Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹Иық деңгейіндегі жалпақтық.

Нағыз артықшылық. Қай жағынан алып қарағанда да.

Audi A6 шанағының алдыңғы бөлігі – Audi Singleframe радиаторының жалпақ фирмалық торы мен хромдалған спорттық қаптамалары бар бүйірлік ауа тартқыштарынан бастап жіңішке фараларына дейін керемет озық дизайнымен ерекшеленеді. Тік иық сызығы мен доңғалақ аркаларының үстіндегі көрнекті дөңестері quattro толық жетегінің қолданылғанын анық көрсетеді. Спорттық стильге сәйкес

Көрнекті артқы бөлігі

Көрнекті артқы бөлігі

Купе үлгісін еске түсіретін тегіс төбе сызығы шанақтың сәнді артқы бөлігіне өтеді.

Әмбебап жарық

Әмбебап жарық

Тапсырыс бойынша орнатылатын, динамикалық анимациясы мен динамикалық бұрылыс көрсеткіштері бар HD Matrix жарық диодты фаралары жолды дәл жарықтандырып, жақын және алыс жарық режимдерінде күндізгі жарыққа жақын жарықтандыруды қамтамасыз етеді.

Динамикалық бұрылыс көрсеткіштері

Опция ретінде қолжетімді, динамикалық бұрылыс көрсеткіштері бар HD Matrix жарық диодты фаралары екі негізгі артықшылыққа ие: олар кез келген жағдайда қарсы келе жатқан көліктердегі жүргізушілердің көздерін шағылыстырмай, оңтайлы жарықтандыруды кепілдейді, сонымен қатар, Audi A6 шанағын көзге жалпақ етіп көрсетеді.

Қауіпсіздіктің қамымен

Қауіпсіздіктің қамымен

Инновациялық технологиялар қарсы бағытта және бір бағытта келе жатқан көліктердегі жүргізушілердің көздерін шағылыстыру қаупін едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Орнатылған камера басқа көліктерді анықтаған кезде интеллектуалды жүйе басқа көліктер бар аумақтарды ғана іріктемелі түрде күңгірттендіріп, қалған кеңістікті жарық етіп қалдырады.

Жүргізу мен маневр жасаудың жақсартылған мүмкіндігі

Беріліс қатынасы өзгермелі стандартты рульдік басқару жүйесі жауап беру жылдамдығы мен маневр жасау мүмкіндігін жақсартатын айқын көріністі спорттық трансмиссияның арқасында тамаша динамиканы кепілдейді. Ол әсіресе артқы доңғалақтарды басқару жүйесімен (опция) үйлесімде тиімді. Опция ретінде ұсынылатын 20 дюймдік дискілері автокөліктің спортты

Көмекші жүйелер

Көмекші жүйелер

Audi A6 үшін ұзақ сапарларда, сондай-ақ қала ішінде жүріп-тұрғанда көмектесетін көптеген заманауи электронды көмекші жүйелер қолжетімді.

Динамикалық рульдік басқару жүйесі

Динамикалық рульдік басқару жүйесі

Динамикалық рульдік басқару жүйесі, басқарылатын артқы аспаны қоса алғанда, динамикалық рульдік басқару жүйесі мен артқы доңғалақтарды басқару жүйесінің артықшылықтарын біріктіреді. Ол жоғары жылдамдықпен жүргенде, сондай-ақ тұраққа қою кезінде динамика мен жайлылықты жақсартуға мүмкіндік береді. Алдыңғы және артқы осьтердің доңғалақтарын рульмен белсенді бұру жүргізушінің жұмысын жеңілдетеді.

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Audi exclusive бағдарламасы Audi A6 салонына қосымша даралық береді. Мысалы, Сіз ақ Alabaster White түсті контрастылы тігісі бар, қоңыр Havana Brown түсті Valcona былғарысымен эксклюзивті қаптауды таңдай аласыз.

Бұрынғыдан да бірегей. Audi exclusive

Бұрынғыдан да бірегей. Audi exclusive

Өзіңіздің Audi A6 көлігіңізді ерекше көлікке айналдырыңыз. Бұл мәселеде Сізге эксклюзивті сәндік элементтер, ерекше тәсілмен өңделген және ерекше түстегі былғары, сондай-ақ Audi exclusive бай палитрасынан алынған шанақтың дара бояуы көмектеседі. Мысалы, шанаққа Audi exclusive ұсынған перламутр әсері бар қызыл Misano Red түсін таңдауға болады.

Жарқын әсер

Жарқын әсер

Опциялық жарық диодты жарықтандыру жүйесі төрт сақина түріндегі Audi эмблемасын көліктің жанындағы жол жабынына түсіріп, қайталанбас визуалды әсер жасайды.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: 8 (778) 017-37-44 Email: Info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу