22 қыркүйекте Жайлау гольф-клубында гольфтен Audi quattro Cup турнирі өтті. Audi quattro Cup Қазақстандағы ең ірі гольф жарысы болып табылады.
Турнирге Қазақстанның 114 гольфшысы қатысты. Бұл оқиға әлемдік финалға жету жолындағы маңызды кезең болды. Еркін Аймурзаев пен Данияр Рашидовтан тұратын жеңімпаз-команда, 15-19 қараша аралығында Оманның Маскат қаласында өтетін Audi quattro Cup әлемдік финалында еліміздің атынан қатысатын болады. Мұнда олар басқа тәжірибелі гольф ойыншыларына қарсы өз күштерін сынап, Audi quattro Кубогын кім жеңетініне куә болады.
Әлемдік финал турниріне 38-ден астам елден гольф ойыншылары мен 600 қатысушы Audi quattro кубогын жеңіп алу жолында күш сынасады деп жоспарланып отыр. 1991 жылы құрылған бұл маңызды оқиға жыл өткен сайын гольф ойыншыларын көптеп тартуда. Барынша көп елдер өздерінің біліктілік турнирлерін өткізіп бастағанда, бұл сериядағы бәсекелестік деңгейі өсе бастады. Бәсекеге қабілетті ойынды да, өзінің Audi-ға деген құмарлығын сезінуді де тек Audi quattro Cup-тан таба алатындықтан, көпшілігі осы жерге қайтып оралады.
Сондай-ақ, турнирдің келесі негізгі номинацияларының жеңімпаздары таңдалды:
- Longest Drive Men — Думан Койбағаров
- Longest Drive Ladies — Альбина Агаева
- Nearest to the Pin — Kim Young Kyoung
- Best Gross — Баурыжан Раимбеков пен Денислам Абишев
- Net 1 Place — Еркін Аймурзаев және Данияр Рашидов
- Net 2 Place — Даурен Ердебай мен Нұржан Абдымомунов
- Net 3 Place — Ерлан Койбагаров пен Олег Ким
Бірқалыпты ырғақта өтетініне қарамастан, гольф - бұл күтпеген жағдайларға толы ойын. Спорт пен құмарлық Audi автомобилі брендіне де жақын. Іс-шара қонақтары ойыннан ләззат алып қана қоймай, Audi Q8 e-tron және Audi Q5 модельдерін сынақтан өткізу мүмкіндігіне де ие болды.
Audi Q8 e-tron электрлік кроссоверлер арасындағы неміс концернінің үздік моделі болып саналады, Audi Q5 - бұл премиум санатты толық жетекті сәнді кроссовер ғана емес, сонымен қатар отбасылық көлік ретінде пайдалану үшін де тамаша таңдау. Олар стильді, жайлылықты және қауіпсіздікті біріктіре отырып, қалада да, одан тыс жерлерде де қауіпсіз сапарлау үшін қажет нәрсенің бәрін ұсынады.
Бұл артықшылықтардың барлығын, ең бастысы: шанағының одан да ықшамды, әдемі және сонымен бірге мәнерлі болып келетін эстетикасыз елестету қиын.
Ұсынылған автомобильдер Алматы және Астана қалаларының дилерлік орталықтарында қолжетімді. Сондай-ақ, дилерлік орталыққа келушілердің тест-драйвқа жазылу мүмкіндігі бар. Audi Q5-тің құны 30 690 000 теңгеден, Audi Q8 e-tron-ның құны 50 690 000 теңгеден басталады. Автокөліктерді бір жылдық құнның 50 пайызынан басталатын бастапқы жарнамен 0 пайыз бөліп төлеумен сатып алуға немесе жеті жылға дейінгі мерзімге несиеге алуға болады, сондай-ақ, бастапқы жарнасыз бағдарламалар да қол жетімді.