конфигуратор
Daytona Gray pearl
Daytona Gray pearl Glacier White metallic Ibis White Myth Black Metallic Navarra Blue Metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
1984 см3
Қозғалтқыш
245 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
370 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Әсерлі тиянақтылық

Әсерлі тиянақтылық

Көз тартарлық купе дизайны, седан салонының кеңдігі және әмбебап Avant маркасының мол мүмкіндіктері. Осының бәрі – төрт есікті Audi A7 Sportback: стильді, динамикалық және шын мәнінде көп қырлы автокөлік іскерлік сапарларда да, демалыста да өте қолайлы.

Сыртқы түрі

Сыртқы түрі

Audi A7 Sportback көлігінде прогрессивті озық дизайн іске асады, сонымен қатар, бірінші классикалық Audi Quattro гендері де беріледі.

Салон

Салон

Audi A7 Sportback көлігінің кең салоны артқы орындықтағы барлық жолаушыларға жайлылықтың жоғары деңгейін кепілдейді. Әрі бұл үлгінің сыйымды, көлемді жүксалғышы ең алыс сапарларға да жеткілікті.

Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
**Шынтақ деңгейіндегі жалпақтық.

Төрт сақина. Бір айқын сызық

Audi A7 Sportback – спорт пен сәннің нағыз үйлесімі. Quattro классикалық стилінің әсерлі ұсынылуы.

Инновациялық жарықтандыру технологиясы

Динамика өзінің тамаша көрінісінде

Динамика өзінің тамаша көрінісінде

Жалпақ беттер, үшкірленіп келген қырлар және бірқалыпты сызықтар – Audi A7 Sportback марканың фирмалық дизайнын ең өзекті қалпында көрсетеді.

Көрнекті және ерекше Audi A7 Sportback

Көрнекті және ерекше Audi A7 Sportback

Бұл – біртұтас, үйлесімді бейне. Бірегей жарық бейнесі бар сәнді фаралардан бастап Audi Singleframe жалпақ радиатор торы орнатылған автокөліктің алдыңғы бөлігінің тиянақты дизайнына дейін. Купені еске түсіретін сұлбасынан бастап мүсінді артқы бөлігіне дейін.

Спорттық стильде көлік жүргізу

Спорттық стильде көлік жүргізу

Бәсеңдету сипаттамалары реттелетін опциялық аспа ымырасыз спорттық купе мен талғампаз бизнес-класс седанының қасиеттерін бір көлікте біріктіруге мүмкіндік береді. 45 TDI қозғалтқышы орнатылған үлгіге тапсырыс бергенде, спорттық дифференциалы бар quattro толық жетегі динамикалық, айқын спорттық көлік жүргізуге, сондай-ақ кез келген дерлік жол жабынында тамаша бағыт тұрақтылығына кепілдік береді.

Тұраққа оңай қою

Тұраққа оңай қою

Тағы бір опция: параллель ме, әлде перпендикуляр ма – маңызды емес, автоматты режимде тұраққа жайлы және ыңғайлы қою. Сіздің Audi A7 Sportback көлігіңіз рульмен басқаруды, қозғалуды, тежеуді және қозғалтқышты өшіруді өзіне алады. Ол алға немесе артқа жылжиды, тіпті кейін тұрақ орнынан да өзі шығады. Осының барлығы 55 TFSI және 45 TDI нұсқалары үшін қолжетімді Parking plus тұраққа қою автопилотының көмегімен мүмкін болады. 45 TFSI қозғалтқышы орнатылған үлгілер үшін опция ретінде көліктің алдындағы, бүйір жағындағы және артындағы кедергілер туралы дыбыстық және визуалды ескертулер жасайтын, сондай-ақ 360 градусты қамтитын камералары бар plus тұраққа қою көмекшісі ұсынылады.

Ерекше атмосфера

Автокөліктің салоны өзіне бірден назар аудартады. Әр бөлшегі мұқият ойластырылып, ерекше, мінсіз ұқыптылықпен өңделгені көрініп тұр. Опциялық панорамалық төбесі жарқын, жеңіл атмосфера қалыптастырады. Ыстық шуақты күнде жабық тұратын пердесі жарық өткізбейді және салонның қызу мүмкіндігін азайтады.

Прогресс эстетикасы

Прогресс эстетикасы

Спорттық стиль және әрлеу мен материалдардың ең жоғары сапасы – Audi A7 Sportback салонындағы басты нәрселер осылар. Интерьердің барлық, тіпті ең ұсақ детальдарының өзі үлгінің ерекше эстетикасы мен мінсіздігін көрсетеді. Бұл базалық нұсқаға да, сондай-ақ Advance және Design желілеріне де қатысты. Олардың әрқайсысына опция ретінде S line сыртқы әрлеу топтамасы немесе S line спорттық топтамасы қолжетімді. Sport желісі үшін S line спорттық топтамасы стандартты жиынтықталым элементі болып табылады.

Жоғары дәрежелі көлемді дыбыс

Жоғары дәрежелі көлемді дыбыс

Көлемді дыбыс шығаратын опциялық Bang & Olufsen Advanced Sound System аудио жүйесі концерт залының атмосферасын еске түсіреді. Алдыңғы тағандарда жасырылған динамиктер мен аспаптар тақтасындағы автоматты түрде шығарылатын акустикалық линзалар музыкалық композицияның өте анық және таза ойнатылуын қамтамасыз етеді.

Өзіңіздің Audi A7 Sportback көлігіңізді ерекше етіңіз

Өзіңіздің Audi A7 Sportback көлігіңізді ерекше етіңіз

Өзіңіздің Audi A7 Sportback көлігіңізді өзіңіз сияқты ерекше етіңіз. Audi exclusive² бағдарламасының арқасында сатып алушыларға сәндік ендірмелердің эксклюзивті нұсқалары, әр түрлі түстердегі былғары, сондай-ақ кең ауқымды реңктер палитрасынан шанақтың дара бояу нұсқалары қолжетімді. Шанаққа Suzukagrau Metallic эксклюзивті бояуын таңдауға болады. Жалпы, бәрі өзіңіз қалағандай болады.

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Audi exclusive бағдарламасының басқа да мүмкіндіктерінің қатарына салонның ерекше палитрадағы Valcona былғарысымен қапталуы, эксклюзивті кілем жабыны, Diamond Silver және Ocean Blue түстеріндегі еден кілемшелері, Ocean Blue контрастылы жолағы бар Jet Grey түсті табалдырық қаптамалары мен БАҚ селекторы панелінің жоғарғы бөлігі, сондай-ақ шаған ағашынан жасалған эксклюзивті сәндік ендірмелер кіреді.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: +7 (778) 017-39-08 Email: info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу