Көз контактісі: жаңа өлшем

Көз контактісі: жаңа өлшем

Атқарушы седанның эстетикасы мен спорттық динамикасы шанақтың дизайнында үйлесімді үйлеседі. Брендтің тарихымен таныс адамдар үшін ол quattro толық жетегі бар ең алғашқы модельді еске түсіреді.

Керемет тәуелсіз: жаңа Audi A8 L сипаты осындай

Көру және көріну

Көру және көріну

Заманауи фараларда қолданылатын, жарық түсіру қашықтығының артуы мен энергия тиімділігін қатар қамтамасыз ететін жарық диодты технология көрнекті инженерлік жетістіктердің қатарына жататындығы сөзсіз. Бірақ одан да асып түсетін уақыт келді. Audi laser light лазерлік жарық технологиясымен жабдықталған HD Matrix LED матрицалық жарық диодты фаралары Audi A8 L көлігіне опция ретінде ұсынылады.

Қорытынды акцент

Қорытынды акцент

Үш өлшемді дизайнда орындалған Audi Matrix OLED артқы шамдары жаңа Audi A8 L көлігінің ұзақ уақыт есте қалатын ерекше жарық бейнесін қалыптастырады. Органикалық жарық диодтары (OLED) технологиясы жарығы бірқалыпты реттелетін біркелкі геометриялық пішіндер жасауға мүмкіндік береді. OLED технологиясы бойынша орындалған артқы шамдармен бірге алғандағы жарық диодты жолақтың арқасында жаңа Audi A8 L көлігін тіпті қараңғыда да айна-қатесіз тануға болады.

Жеңілдікпен алға

Шексіз жайлылық па, әлде спорттық динамика ма? Таңдау өзіңізде!

Шексіз жайлылық па, әлде спорттық динамика ма? Таңдау өзіңізде!

Болжау функциясы бар белсенді аспа сипаттамалардың барынша кең ауқымын қамтамасыз етеді. Пневматикалық аспамен және стандартты жабдыққа кіретін Audi Drive Select жүйесімен мінсіз үйлесімнің арқасында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізіледі.

Жаңа интеллектуалды көмекші жүйелер
Барлығы
Радар
Камера
Ультрадыбыс
Лазерлік сканер
Радар
Камера
Ультрадыбыс
Лазерлік сканер
A8 L

Сізге көмектесу үшін бар жақсымызды береміз. Көптеген инновациялық технологиялар жолда жан-жақты қолдау көрсетіп, жоғары деңгейдегі жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сіздің шаршамайтын көмекшілеріңіз

Сіздің шаршамайтын көмекшілеріңіз

Audi A8 L көлігімен Сіз қуатты көлік иесі үшін сирек жағдай болып табылатын керемет тыныштық сезіміне бөлене аласыз. Сіз мұқият ойластырылған және өзара байланысты жүйелердің бұрын-соңды болмаған көп санын өз қалауыңыз бойынша қолдана аласыз.

Сәнділіктің жаңа көрінісі

Сәнділіктің жаңа көрінісі

Салонды қосымша жарықтандыру топтамасына кіретін жоғары дәлдіктегі жарық бағыттағыштарының көмегімен интерьерді фондық және контурлық жарықтандырудың әр түрлі сценарийлері жасалады. Бұл дизайндағы қосымша жарқын акценттерді белгілейді және салонда отырған адамдарға ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Жоғарғы деңгейдегі сапар

Жоғарғы деңгейдегі сапар

Қалай болғанда да, діттеген жеріңізге шаршамай, жайлылықпен жететініңізге сенімді бола аласыз. Бұл пайдаланудың оңайлығы мен ақылға қонымдылығының арқасында ең талапшыл сұранымдардың өзін қанағаттандыратын әр түрлі жабдықтардың арқасында мүмкін болады.

Ләззаттан... тынысың тарылады

Air Quality топтамасы бүкіл салонға жағымды, нәзік хош иісті таратады, бұл үшін жай ғана MMI жүйесіндегі тиісті бөлім арқылы команда беру жеткілікті. Қалауыңыз бойынша таңдауға парфюмші мамандар Ауди A8 L салоны үшін арнайы жасап шығарған әр түрлі екі хош иіс ұсынылады.

Нағыз өзіңіздікі

Нағыз өзіңіздікі

Сіздің өзіңіздің жеке басыңызға дәл сәйкес келетін безендіруді таңдау — нағыз керемет. Бұл мәселеде Audi exclusive жаңа бағдарламасы көмектеседі. Ол Audi A8 L салонын демалу орнына айналдырады, әрі оның ішінде бәрі ерекше дара болады. Көп ынтаны қажет ететін былғары мен ағашты өңдеу толықтай қол еңбегімен жүзеге асырылады.

Айырмашылығын сезініңіз

Айырмашылығын сезініңіз

Audi A8 L салонында алғаш рет болған кезде, кейбіреулер сәл сасқалақтап қалады. Әрине: біз көп жылдар бойы үйреніп қалған аспаптар мен басқару құралдары мұнда мүлдем жоқ деуге болады. Көп функциялы сенсорлық беттерге қозғалтқышты іске қосқан кезде жан бітеді.

Өтінім қалдыру