конфигуратор
Daytona Gray pearl
Daytona Gray pearl Glacier White metallic Ibis White Myth Black metallic Navarra Blue metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
1984 см3
Қозғалтқыш
249 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
370 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Бес жұлдызды SUV

Бес жұлдызды SUV

Audi Q5 өз бойында талғампаз стильді, нағыз әмбебаптықты, керемет динамиканы және жоғары функционалдылықты тамаша үйлестіреді.

Q5 45 TFSI quattro Premium

Q5 45 TFSI quattro Premium

· Тиімділігі жоғары қозғалтқыш: 45 TFSI (245 а.к.)

Сыртқы түрі

Сыртқы түрі

Әсерлі дизайн, үнемділік және жолға қойылған басқару мүмкіндігі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Quattro толық жетегі, сондай-ақ әрбір сапардан алатын ләззат үлгінің сериялық жабдығына кіреді.

Салон

Салон

Audi Q5 салонында бес ересек адамға орын жетеді және олар кеңістікте, соның ішінде бас үстіндегі және аяқ тұсындағы кеңістікте шектелмейді.

Панорамалық шолу


Осы панорамалық анимацияның көмегімен Audi Q5 көлігін барлық жағынан тамашалап көруге болады.
Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
³Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹Иық деңгейіндегі жалпақтық.

Қиялды таң қалдыратын дизайн

Жаңа кроссовердің сыртқы келбеті – Audi Q5 үлгісінің спорттық стилі мен айшықты даралығының үйлесімі. Ауа тартқыштары жоғары орнатылған, сегіз қырлы тегіс және жалпақ радиатор торы бар көрнекті алдыңғы бөлігі өзіне деген сөзсіз сенімділікті айғақтайды. Артқы бөлігі көлденең планкасы бар диффузордың және артқы шамдарының арасында созылып жатқан хромдалған тұтас жолағының арқасында үйлесімді және стильді көрінеді.

Қашықтықтың жаңа көрінісі

Қашықтықтың жаңа көрінісі

Органикалық жарық диодтарын (OLED) пайдалану жарықтандырудың мүлдем жаңа сценарийлерін жасауға мүмкіндік береді. OLED артқы шамдары бар опциялық Audi Matrix жарық диодты фараларын таңдағанда, сатып алушыға артқы шамдардың жарық дизайнының үш нұсқасы қолжетімді болады. Олардың жұмысы мен жарық өрнегі қозғалыс режиміне байланысты автоматты түрде өзгереді. Органикалық жарық диодтарымен жұмыс істейтін опциялық артқы шамдар жақындау датчигімен толықтырылған: басқа көлік немесе жол қозғалысының басқа қатысушылары қозғалмай тұрған Audi Q5 көлігінің артына 2 м-ден аз қашықтыққа жақындаса, жүйе барлық жарық сегменттерін автоматты түрде қосады.

Артқы шамдардың жарық өрнегінің дизайны 1

Артқы шамдардың жарық өрнегінің дизайны 1

Артқы шамдардың жарық өрнегінің дизайны 2

Артқы шамдардың жарық өрнегінің дизайны 2

Артқы шамдардың жарық өрнегінің дизайны 3

Артқы шамдардың жарық өрнегінің дизайны 3

Таңқаларлық динамика

Таңқаларлық динамика

Қарқынды үдеу және жолға қойылған басқару мүмкіндігі – жаңартылған Audi Q5 сипатының екі басты ерекшелігі. Көліктің стандартты жиынтықталымына 45 TDI қозғалтқышына арналған quattro тұрақты толық жетегі және 45 TFSI қозғалтқышына арналған quattro ultra толық жетегі кіреді. Quattro толық жетегін механикалық бұғаттау жолдағы жағдайға байланысты жетек күшін алдыңғы немесе артқы оське лезде дерлік таратады, бұл тамаша қозғалыс динамикасын қамтамасыз етіп, өте жақсы тартым мен бағыт тұрақтылығын кепілдейді. Электронды түрде реттелетін, барлық төрт доңғалақта бәсеңдетудің бейімделген сатысыз жүйесі бар опциялық пневматикалық аспа жол саңылауы мен амортизаторлардың қаттылығын автоматты түрде реттейді. Бұдан бөлек, Audi drive select жүйесі жүргізушіге көліктің ең маңызды жүйелерінің жұмысын жол жағдайларына және қозғалыс режиміне байланысты баптау мүмкіндігін береді.

Дараландырудың ауқымды мүмкіндіктері

Audi Q5 сатып алушылары өз қалауларына толық сәйкес келетін автокөлікке тапсырыс бере алады. Климаты қатаң аймақтардың тұрғындарына аязды күнде автокөлікпен әрбір кездесуді сөзбе-сөз мағынасында жылуға бөлейтін баға жетпес опция – дербес жылытқыштың қажет болатыны сөзсіз. Тапсырыс бойынша қолжетімді болатын, алдыңғы орындықтарға арналған массаж функциясы ұзақ сапарларда ширауға немесе, керісінше, босаңсуға көмектеседі. Жетілдірілген опциялық фондық жарықтандыру тәуліктің қараңғы мезгілінде салонды ерекше көңіл-күйге толтырады (жарықтандыру сондай-ақ design selection топтамасының құрамына да кіреді).

Сапар демалыс болғанда

Тиімділік және сәнділік

Тиімділік және сәнділік

Командалық позиция деп әділ аталатын биік отыру жолдағы жағдайды сенімді бақылауға мүмкіндік тудырады. Төбенің көлденең сызығы шанақтың жалпақтығына ерекше назар аударады және салондағы жайлылық деңгейін арттырады. Бедерлі сәндік ендірме бүкіл алдыңғы панельдің бойымен өтеді.

Audi exclusive

Audi exclusive

Audi exclusive бағдарламасының көмегімен өз Audi Q5 көлігіңізді өзіңіз сияқты бірегей етіңіз. Мысалы, шанаққа Audi exclusive палитрасынан көк «металлик» Ascari Blue түсін таңдауға болады.

Өз талғамыңызға сай даралық

Өз талғамыңызға сай даралық

Интерьерді әрлеу үшін ромб тәрізді суреті мен контрастылы тігісі бар ақ Alabaster White түсті әдемі Nappa былғарысынан жасалған орындықтардың қаптамасы сияқты шешімдер ұсынылады.

Audi түпнұсқалық аксессуарлары

Audi түпнұсқалық аксессуарлары

Audi түпнұсқалық аксессуарлары Audi Q5 көлігін әр түрлі пайдалы шешімдермен толықтыру мүмкіндігін береді. Олардың қатарына Offroad стиліндегі әрлеу детальдарының топтамалары, жылжымалы аяқ қойғыштар және жеңіл қорытпалы стильді дискілер кіреді.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: 8 (778) 017-37-44 Email: Info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу