конфигуратор
Daytona Gray pearl
Daytona Gray pearl Galaxy Blue metallic Glacier White Metallic Ibis White Myth Black metallic Navarra Blue metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
2995 см3
Қозғалтқыш
340 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
500 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Q үлгілерінің көшбасшысы

Q үлгілерінің көшбасшысы

Audi Q8 – көрнекті спорттық купе мен сенімді және кең заманауи кроссовердің әсерлі үйлесімі.

Сыртқы түрі

Сыртқы түрі

Төбенің айқын контурлары мен спорттық аркасы quattro тұрақты толық жетегімен жабдықталған осы көліктің айрықша күшін, жоғары орындалу сапасын және ерекше динамикасын айғақтап көрсетеді.

Функционалдылық

Функционалдылық

Жүксалғыш көлемі 605 литрді құрайды, ал артқы орындықтары бүктеліп тұрған кезде 1755 литрге жетеді.

Салон

Салон

Бүйірлік қолдауы реттелетін, Valcona былғарысымен қапталған алдыңғы орындықтардың массаж және желдету функциялары алаңсыз атмосфераны толық сезінуіңізге көмектеседі.

Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
****Төбесіндегі антеннасымен көліктің биіктігі 12 мм-ге артады.
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
**Шынтақ деңгейіндегі жалпақтық.

Озық сыртқы түрі

Audi Q8 үлгісінің мақсатқа ұмтылған бейнесін радиатор торы, алдыңғы спойлері және үлкен ауа тартқыштары қалыптастырады.

HD Matrix жарық диодты фаралары

Жарқыраған және жоғары дәлдіктегі жарықтандыру, әрі қарсы бағытта және бір бағытта келе жатқан көліктердегі жүргізушілердің көздерін шағылыстыру қаупі төмен, есте қаларлық жарық анимациясы. Міне, заманауи дизайнды қолданатын инновациялық техноло

Көріністерден ләззат алыңыз

Көріністерден ләззат алыңыз

сәнді көлбеу сызығы мен төбесіндегі спорттық аркасы, сондай-ақ қайталанбас quattro архитектурасы барлық ракурстан жарқын әсер қалдырады. Шанақтың артқы бөлігінің бүкіл жалпақтығына созылатын жарық жолағы оның астында орналасқан қара түсті контрастылы беттермен әсерлі толықтырылады.

Аспан жақын

Аспан жақын

автокөліктің панорамалық төбесі күңгірттелген шыныдан жасалған үлкен панельдер түрінде орындалған. Олар эксклюзивті атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік береді және салонның озық дизайнына баса назар аударады. Сонымен қатар, люк ашық болған кезде салон сергітетін ауа ағынына толады.

Әмбебап және қолайлы: ішкі кеңістік тұжырымдамасы

Үш сегментке бөлінген артқы орындықты алға және артқа жылжытып, жолаушыларға немесе жолжүкке бос кеңістікті

Маршрутпен жүру

Маршрутпен жүру

Audi Q8 үлгісі стандартты жиынтықталымда MMI touch response басқару тұжырымдамасы қолданылатын MMI Navigation plus ақпараттық ойын-сауық жүйесімен жабдықталған.

Рульдік басқаруды электрмеханикалық күшейткіш

Рульдік басқаруды электрмеханикалық күшейткіш

Беріліс қатынасы өзгермелі стандартты рульдік басқару жүйесі Audi Q8 динамикалық сипаттамаларын жақсартады және рульдік басқарудың сезімталдығының арқасында жайлылық деңгейін арттырады. Бұл, мысалы, қала сыртындағы бұралаң жолдарда және бұрылыстарда әсіресе маңызды. Бұдан бөлек, ол руль дөңгелегіне түсіру қажет болатын күшті азайту арқылы тұраққа қою және маневр жасау кезінде жүргізушіге көмектеседі.

Audi exclusive бағдарламасы

Audi exclusive бағдарламасы

Өзіңіздің Audi Q8 көлігіңізді ерекше көлікке айналдырыңыз. Бұл мәселеде Сізге эксклюзивті сәндік элементтер, ерекше тәсілмен өңделген және ерекше түстегі былғары, сондай-ақ Audi exclusive бай палитрасынан алынған шанақтың дара бояуы көмектеседі. Мысалы, шанаққа Audi exclusive ұсынған перламутр әсері бар қызыл Misano Red түсін таңдауға болады.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: 8 (778) 017-37-44 Email: Info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу