Брюссель, 2022 жылғы 21 ақпан - Брюссельдегі Audi зауытына енді үйден шықпай-ақ баруға болады: AudiStream (https://www.audi.stream/en/) сервисінің көмегімен немесе https://www.audibrussels.be сайтында тілек білдірушілердің барлығы брендтің алғашқы толығымен электрлік үлгісінің өндіріс процесін өз көздерімен көре алады. Басты назарда — Audi e-tron, Audi e-tron Sportback, Audi e-tron S және Audi e-tron S Sportback үлгілері.

Брюссельдегі Audi зауытына 2011 жылдан бастап экскурсиямен баруға болады. Кәсіпорынның баспасөз хатшысы Питер Д’Ор (Peter D’hoore) Audi e-tron өндірісімен танысуға деген жоғары қызығушылықты атап өтеді: «Бізге бұрынғысынша сұраныстар көптеп түсуде, ал AudiStream онлайн-сервисімен маркаға қызығушылық танытушылар пандемияның салдарынан келуге шектеу қойылған қазіргі уақыттың өзінде алаңды көре алады».
Бүкіл кәсіпорынға бейнетур
Зауыттың 1949 жылдан бастау алған тарихы қызықты оқиғаларға бай. 2021 жылдың қараша айында сегіз миллионыншы автокөліктің шығарылуы жаңа белеске айналды — ол Audi e-tron болды. 2022 жылдың қаңтар айында Брюссельдегі Audi зауыты Industrial Excellence Award Belgium 2021 сыйлығына ие болды.

Виртуалды турдың негізгі тақырыбы — іштен жанатын қозғалтқыштар өндірісінен электр жетегі жүйелерін шығаруға көшу: « Брюссельдегі Audi зауыты электрлік мобильділікті дамытуда ізашар болды». Бұл үшін компания бүкіл кәсіпорынды қайта құрып, жаңа үлгідегі күш қондырғыларын өндіруге арналған жүздеген мың сағаттық тренингтерді өткізу арқылы өз қызметкерлерін дайындады.

Бұдан әрі тур көрермендерді шанақ цехы мен бояу цехынан басталып, түпкілікті құрастыру кезеңімен аяқталатын Audi e-tron көлігін өндіру әлеміне алып барады. Мысалы, шанақ цехында адамдар мен роботтардың детальдарды мінсіз дәнекерлеуді және желімдеп жабыстыруды қамтамасыз ете отырып, бірге үйлесімді жұмыс істейтінін көруге болады. Түпкілікті құрастыру цехында ұзындығы бір километрден асатын конвейер таспасында мыңнан астам детальдар құрастырылады. Осыдан кейін күш қондырғысы мен аккумулятор батареясын қосу кадрлары келеді. Соңында сапаны қорытынды бақылау көрсетіледі, бұл бақылау барысында барлық функциялардың жұмысы және технологиялық саңылаулар тағы бір рет тексеріледі.

Виртуалды экскурсияның ерекше кадрлары — жоғары вольтты аккумулятор батареяларын өндіру цехындағы түсірілім — кәсіпорынның бет-бейнесі мен бірегей орналасуы. Онда әр батареяның пломбалары, электрлік функциялары және, әрине, заряды тексеріледі.
Климатты сақтауға бейілділік: Брюссельдегі Audi зауытының орнықты дамуы
Зауыттағы барлық өндірістік процестер көміртектік бейтараптық қағидаттарына сай келеді, бұл үшін Брюссельдегі Audi кәсіпорны бірнеше мәрте марапаттарға ие болды. Өндіріс алаңының мақтанышы — 107 000 шаршы метрден астам аумақты қамтитын, күн батареяларымен жұмыс істейтін энергия жүйесі. Мұндай параметрлермен ол Брюссельдегі ең ірі күн энергиясын түрлендіру қондырғыларының қатарына кіреді: ол жыл сайын 1900 тонна көмірқышқыл газының шығарындыларын болдырмауға мүмкіндік береді және сағатына 9000 МВт-тан астам энергия өндіреді. Бұл бір жыл ішінде 2500-ге жуық үй шаруашылығын электрмен қамтамасыз етуге жетеді.

Осылайша, Брюссельдегі зауыт — электрлік мобильділік саласындағы ізашар ғана емес, сонымен қатар, орнықты даму саласындағы көшбасшы. Бүгінгі таңда тілек білдірушілердің барлығы бұған көз жеткізе алады және AudiStream сервисінің көмегімен немесе www.audibrussels.be сайтында виртуалды тур жасай алады.

Нөмір бойынша толық ақпаратты ала аласыз: 8 (778) 017-37-44

Біздің мекен жай: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2, Audi Kazakhstan

Жаңалықтар  Барлық жаңалықтарды
көрсету
және оқиғалар

Бұған қоса, біздің оқиғаларымыздан, жаңалықтарымыздан және науқандарымыздан әрдайым хабардар болып отыру үшін жаңалықтар таратылымына жазылуыңызға болады. Біз спам таратпаймыз, әрі Сіз кез келген уақытта таратылымнан бас тарта аласыз.

Жазылу

Audi quattro Cup

Audi Қазақстан Audi quattro Cup 2023 жарысына қатысқанын мақтан тұтады.
Финалға шыққандар әлемдік финалда ойнау мүмкіндігіне ие болады.