конфигуратор
Daytona Gray Pearlescent
Daytona Gray Pearlescent Glacier White metallic Ibis White Myth Black metallic Navarra Blue metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
2967 см3
Қозғалтқыш
249 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
600 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Тәнті ететін функционалдылық

Тәнті ететін функционалдылық

Озық технологиялар, шектеусіз деуге боларлық мүмкіндіктер, таң қалдырарлық динамикалық сипаттамалар, көрнекті дизайн және жеті жолаушыға дейін сыятын кең салон – осының бәрі Audi Q7. Әмбебап, жоғары класты SUV.

Мүмкіндіктер

Мүмкіндіктер

Стандартты жиынтықталымға кіретін, айналу сәтін асимметриялы бөліп тарататын quattro толық жетегі Audi Q7 көлігіне өтімділік пен спорттық жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Дизайн

Дизайн

Ұзындығы 5 м-ден асатын шанақ Audi Q7 келбетін шынымен де әсерлі етеді.

Функционалдылық

Функционалдылық

Audi Q7 салоны – жайлылық пен заманауи цифрлық технологиялардың тамаша үйлесімі.

Цифрлық шешімдер

Цифрлық шешімдер

Audi Q7 стандартты жабдығына MMI touch response сенсорлық басқару панелі қолданылатын ең жетілдірілген MMI Navigation plus ақпараттық ойын-сауық жүйесі кіреді.

Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
**Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
*Иық деңгейіндегі жалпақтық.
Күрделі функциялар, қарапайым басқару

Күрделі функциялар, қарапайым басқару

Стандартты жиынтықталым элементі болып табылатын, MMI touch response сенсорлық басқару панелі бар MMI Navigation plus ақпараттық ойын-сауық жүйесі – цифрлық технологиялар әлеміне апаратын жолбасшыңыз. Навигация, мультимедиа және климатты бақылау функцияларын орталық консольде орналасқан екі үлкен түрлі-түсті дисплейдің көмегімен басқаруға болады. Түймелерді басу тактильді және дыбыстық кері байланыспен бірге жүреді. Жүйені сондай-ақ дауыстық командалар арқылы да басқаруға болады.

Динамика

Динамика

Quattro фирмалық тұрақты толық жетегі Audi Q7 көлігіне жоғары өтімділік пен спорттық жүргізу мүмкіндігін кепілдейді. Үлгінің стандартты жабдығына кіретін Audi drive select жүйесі жүргізушіге – көлік сипаттамаларын өзгертуге, ал опция ретінде ұсынылатын бейімделгіш пневматикалық аспаның көмегімен амортизаторлардың қаттылығын өзгертуге және жол саңылауын реттеуге мүмкіндік береді. Audi Q7 үлгісіне тапсырыс бойынша неғұрлым қатаң баптаулармен S line бейімделгіш пневматикалық аспасы, сондай-ақ маневр жасауды жеңілдететін және спорттық жүргізуге елеулі үлес қосатын басқарылатын артқы аспа орнатылады.

Жарқыраған оттардың жарығында

Audi

Тілектерді орындауға дайын

Тілектерді орындауға дайын

Опция ретінде ұсынылатын орындықтардың үшінші қатарына тапсырыс бергенде, салондағы орын саны жетіге дейін артады. Қалаған жағдайда, екінші және үшінші қатарлардың арқалықтарын бүктеу арқылы жүксалғыш көлемін 1955 литрге дейін ұлғайтуға болады. Жүксалғыш есігінің электр жетегі стандартты жиынтықталымға кіреді, ал жүксалғыш есігін жанасусыз ашатын өте ыңғайлы функция опция ретінде ұсынылады. Қолдарыңызда сөмкелер болған кезде артқы бампердің астында аяғыңызды қатты қозғалтсаңыз жеткілікті – жүксалғыш есігі көтеріледі.

Алғашқы секундтардан қамқорлық

Алғашқы секундтардан қамқорлық

Audi түпнұсқалық аксессуарларының¹ ассортиментіндегі опциялық жарық диодты сәлемдесу шамы асфальтқа көрнекті логотип бейнесін түсіреді. Бұл бірден жақсы көңіл-күй тудырып қана қоймай, сонымен қатар, көлікке отыру ыңғайлылығын арттырады.

Тасымалдауға арналған әмбебап шешімдер

Тасымалдауға арналған әмбебап шешімдер

Audi түпнұсқалық аксессуарларының¹ каталогында көлікті күнделікті пайдалануды едәуір жеңілдететін әр түрлі жабдықтар мен шешімдерді, соның ішінде шаңғылар мен жолжүкті тасымалдауға арналған стильді және сенімді аэродинамикалық қораптарды табуға болады. Олар құлыпталады және заттарды екі жағынан да ыңғайлы тиеуге мүмкіндік береді, ал көлемі үлгіге байланысты 400 литрге дейін жетуі мүмкін.

Audi exclusive

Audi exclusive

Өзіңіздің Audi Q7 көлігіңізді өзіңіз сияқты ерекше етіңіз. Бұл Audi exclusive бағдарламасының арқасында мүмкін болады. Сәндік ендірмелердің эксклюзивті нұсқаларын, әр түрлі түстердегі былғарыны және кең ауқымды реңктер палитрасынан шанақтың дара бояу нұсқаларын таңдаңыз.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: +7 (778) 017-39-08 Email: info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу