Спорттық және сәнді
Жаңа Audi e‑tron S Sportback көлігінің динамикасы мен пішін айқындығын бағалаңыз.
Динамикалық сипаттамалар
Толығымен электрлік сериялық жаңа Audi e‑tron S Sportback үш қуатты электр қозғалтқышымен таң қалдырады.
Айналу сәтін интеллектуалды тарату
Электрлік толық жетек жүйесі айналу сәтін интеллектуалды тарату жүйесімен бірге артқы осьтегі жетек күшін лезде дерлік өзгертіп, барынша жақсы көлік жүргізуге және спорттық көлік жүргізу тәсіліне септігін тигізеді.
Дизайн
Жаңа Audi e‑tron S Sportback туралы панорамалық бейнеролик.
Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген.
Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.
Электр жетегінің бүкіл қуатын бағалаңыз
Жолдың алғашқы метрлерінен-ақ жаңа Audi e‑tron S Sportback өзінің динамикасымен және тамаша басқарылуымен таң қалдырады.
Көлік жүргізуден ләззат алу кепілдігі
Интеллектуалды толық жетек жүйесі үш электр қозғалтқышын қамтиды. Айналу сәтінің басым бөлігі артқы оське берілетін кәдімгі жағдайларда олардың екеуі іске қосылады. Қажет болған жағдайда, үшінші электр қозғалтқышы лезде іске қосылып, қосымша тартым күшін тудырады. Бір зарядтауда автокөлік 378 км-ге дейін еңсере алады (WLTP циклында).
Электрлік мобильділік жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Audi e‑tron S Sportback айналу сәтін тарату жүйесі кез келген сапарыңызды жайлы етеді. Спорттық көлік жүргізуден, жақсартылған динамикадан және күшейтілген бақылаудан ләззат алыңыз. Сансыз көп датчиктер қозғалыс режимін үнемі бақылауда ұстайды және, сіздің дербес көлік жүргізу стиліңізді ескере отырып, тартым күшін доңғалақтар арасында бөліп таратады.
Спорттық сипаты айқын дизайн
Audi e‑tron S Sportback көлігінің жарқын және көрнекті спорттық келбеті Audi көліктерінің заманауи дизайнындағы соңғы үрдістерді қамтып көрсетеді.