Технические характеристики
Қозғалтқыш
3996 см3
Объем двигателя влияет на его мощность и производительность
Ең жоғары қуаттылығы
571 л.с.
Мощность двигателя определяет его способность выполнять работу
Ең жоғары айналу сәті
800 Н∙м
Максимальный крутящий момент характеризует наибольшее усилие вращения, которое двигатель может развить
Спорттық динамика және озық сән-салтанат

Спорттық динамика және озық сән-салтанат

Көрнекті көлік пен ымырасыз спорттық көліктің бірегей үйлесімі – Audi S8 көлігінің мәні.

Қуат және тиімділік

Қуат және тиімділік

800 Нм айналу сәті, 571 ат күшіне тең қуат, жылдамдықты 3,8 секундта сағатына 100 км-ге дейін үдету – қосарлы турбоайдағышпен жабдықталған V8 4.0 TFSI қозғалтқышының ең сенімді дәлелдері осы. Бұл ретте отын тиімділігінің жоғары деңгейі мен CO2 шығарындыларының төмен көрсеткіштері сақталады. Стандартты жабдыққа кіретін орташа гибридті жүйе (MHEV) жүксалғыштағы литий-ионды батареядан қуат алатын 48 вольтты қосалқы электр желісін қамтиды. Белдікті стартер-генератор «іске қосу-тоқтату» жүйесінің функционалын кеңейтеді, қозғалтқышты тезірек іске қосады, еңіске қарай екпінмен ұзағырақ жүруге және әрбір 100 км-ге 0,8 литрге дейін бензин үнемдеуге мүмкіндік береді. Audi cylinder on demand цилиндрлерді ішінара өшіру жүйесінің арқасында қозғалтқышқа толық емес жүктеме кезінде сегіз цилиндрдің төртеуі уақытша өшіріледі. Мотор төмен отын шығынымен және CO2 шығарындыларының төмен деңгейімен, бірақ бұрынғы қайтарыммен тыныш жұмыс істеуін жалғастырады.

Әсерлі сипаттамалар

Әсерлі сипаттамалар

Quattro тұрақты толық жетегі мен стандартты жабдыққа кіретін, динамикалық басқарылатын артқы аспаның артықшылықтарын сезініңіз. Бұл жүйенің артықшылықтары – азайтылған бұрылу радиусы және тұрақты, ерекше сезімтал көлік жүргізу. Болжау функциясы бар белсенді аспа (стандартты жиынтықталым), жол ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір доңғалақты жеке басқарады. Алдыңғы камера болжалды қозғалыс траекториясында анық бұдырларды анықтаса, электроника Audi Al active suspension атты жүріс бөлігін, ол «жылдамдық бәсеңдеткіш» болсын немесе терең шұңқыр болсын, кедергімен кездесуге алдын ала дайындау мүмкіндігін алады. Бұл үшін әрбір доңғалақ жылдам әрекет ететін электрмеханикалық актуаторлармен жабдықталған, олар сондай-ақ жылдамдықты үдету және баяулату кезінде шанақ тербелістерін теңестіруге көмектеседі. Бұл бұрылыстарда бүйірлік жүктемелерді едәуір азайтады және динамикалық көлік жүргізуден алатын ләззатты арттырады.

Габариттік өлшемдер
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹Иық деңгейіндегі жалпақтық.
S8

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген.
Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Audi S8. Рульде сенімді отыру

Audi S8. Рульде сенімді отыру

Audi S8 TFSI үшін 38-ге дейінгі көмекші жүйелер қолжетімді, олардың кейбіреулері опция ретінде ұсынылады. Алда келе жатқан көлікке дейінгі арақашықтықты сақтау және жол белгілерін ұстануға көмектесу сияқты функцияларды қамтитын бейімделгіш қозғалыс көмекшісі ұзақ сапарларда, тар көшелерде немесе жөнделіп жатқан жол бөліктерімен жүргенде қолдау көрсетеді. Қалалық жағдайларда Сізді артқы жақтағы көлденең қозғалысты және көше қиылыстарынан өтуді бақылау көмекшілері, сондай-ақ маневр жасау және күрделі бұрылыстардан өту кезінде, тұраққа кіру және одан шығу кезінде көмектесетін бірқатар басқа да жүйелер қуантады.

Керемет бизнес-лаунж

Керемет бизнес-лаунж

Эксклюзивті детальдар бірден көрінеді. Жоғарғы сәндік планка және берілісті ауыстыру иінтірегінің тұтқасы үш өлшемді әсері бар Carbon материалымен өңделген, спорттық стильдегі ерекше жайлы контурлы орындықтарда S эмблемасы бедерленген және S стиліндегі сәндік тігіспен безендірілген. Бұл ретте руль астындағы берілісті ауыстырып-қосқыштар – алюминийден, ал педальдардың қаптамалары мен жүргізушінің сол аяғына арналған орын тот баспайтын болаттан жасалған.

Артқы орындық: ұмытылмас әсерлер

Артқы орындық: ұмытылмас әсерлер

S8 көлігіне отырудың өзі оның мүмкіндіктерін тексерусіз өтпейді: есік тұтқасына қол тиген бойда белсенді аспа VIP-орындарға ыңғайлы кіруді қамтамасыз етіп, шанақты 50 мм-ге көтереді. Audi S8 артқы орындығына отырған кез келген жаңа жолаушының бастан кешіретін басты сезімі – тамсану сезімі. Бас үстінде едәуір «бос орын қоры», аяққа жайлы кеңдік, жұмсақ былғарымен қапталған бас сүйегіштер, жарық диодты, көңіл-күйге сай бейімделетін жарықтандыру – бірден көзге түсетіндер осы.

Интуициялық тұрғыда түсінікті басқару

Интуициялық тұрғыда түсінікті басқару

Стандартты жиынтықталымға кіретін, MMI touch response толығымен цифрлық басқару тұжырымдамасы қолданылатын MMI navigation plus навигациялық жүйесі саяхатыңыздың межелі жеріне дейін мінсіз жеткізіп қана қоймайды. Екі сенсорлық дисплейге көліктің барлық функцияларының шолуы шығарылады.

Жоғары мәртебелі

Жоғары мәртебелі

Стандартты жабдыққа кіретін, динамикалық бұрылыс көрсеткіштері бар HD Matrix жарық диодты фаралары жолдағы жағдайға байланысты жарық аспаптарының жұмыс параметрлерін реттеу арқылы түнгі уақытта көру мүмкіндігін жақсартады. Тапсырыс бойынша қолжетімді, лазерлік алыс жарық технологиясы қолданылатын HD Matrix оптикасы сағатына 70 км-ден жоғары жылдамдықта фаралардың жарық түсіру қашықтығын арттырады. Бұл жүйе алыс жарық режимінде жарықтандырылатын аймақтың қашықтығы кәдімгі жарық диодты фаралардан гөрі екі есеге дерлік көбірек болуының арқасында қауіпсіздікті едәуір арттырады. OLED технологиясын қолдана отырып жасалған опциялық жарық диодты артқы шамдар шанақтың артқы бөлігінде көз тартарлық жарық жолағын түзеді және Audi S8 TFSI үшін есте қаларлық жарық бейнесін жасайды.

Қайталанбас сүйкімділік

Қайталанбас сүйкімділік

Эксклюзивті детальдар үлгінің динамикалық сипатын баса көрсетеді. Мысалы, Singleframe спорттық радиатор торы, сондай-ақ көзге ерекше түсетін ауа тартқыштары мен aluminium әрлеуі бар алдыңғы бампер. Aluminium жабыны бар сыртқы артқы көрініс айналарының корпустары, стандартты жиынтықталымға кіретін, диаметрі 20 дюймдік жеңіл қорытпалы доңғалақ дискілері, сондай-ақ олар арқылы жақсы көрінетін, қызыл түске боялған мықты тежегіш суппорттары (опция) көрнекті седанның ерекше, спорттық сипатын көрсетеді. Бейнені көзге ерекше көрінетін табалдырық қаптамалары мен диффузоры және түтін шығару жүйесінің сопақ пішінді төрт келтеқұбыры бар көрнекті артқы бөлігі толықтырады.

Өтінім қалдыру