конфигуратор
Daytona Gray Pearlescent
Daytona Gray Pearlescent Ibis White Glacier White Metallic Myth Black Metallic Navarra Blue Metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
1395 см3
Қозғалтқыш
150 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
250 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Ерекше форматтағы прогресс

Ерекше форматтағы прогресс

Audi A3 Sportback көлігінің инновациялық технологиялары мен көздің жауын алатын дизайны.

Сыртқы түрі

Сыртқы түрі

Atoll Blue (көк «металлик») түсті Audi A3 Sportback көлігінің спорттық сипаты бірден байқалады. Бұл автокөлік кез келген жолды бағындырып қана қоймай, сүйсінген көрушілердің жүрегін де жаулайды.

Талғампаз интерьер

Талғампаз интерьер

Диагоналі 10,1 дюймдік MMI Touch түрлі-түсті сенсорлық дисплейі қара түсті жылтыр бетке кіріктіре орналастырылған. Жүргізушіге арналған алдыңғы панель динамиканы ерекшелеп көрсетеді.

Audi drive select жүйесі

Audi drive select жүйесі

Беріліс қатынасы өзгермелі стандартты рульдік басқару жүйесі мен Audi drive select опциялық жүйесінің арқасында бұл автокөлік кез келген дерлік сапарға дайын.

Панорамалық шолу


Осы панорамалық анимацияның көмегімен Audi A3 Sportback көлігін барлық жағынан тамашалап көруіңізге болады.
Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹Иық деңгейіндегі жалпақтық.

Баршаға қамқорлықпен

Озық технологиялар мен инновациялық көмекші жүйелер, қажет болған жағдайда, Audi A3 Sportback жүргізушісіне басып озу, тежеу, маневр жасау және тұраққа қою кезінде қолдау көрсетеді. Бұл ұзақ сапарларда да, қала ішіндегі тығыз көлік ағынында да жайлылықты едәуір арттырады.

Audi drive select жүйесі

Audi drive select жүйесі

Опциялық Audi drive select жүйесі Audi A3 Sportback негізгі тораптары мен механизмдерінің жұмыс сипатын өзіңіздің көлік жүргізу стиліңізге сәйкес өзгертуге мүмкіндік береді. Таңдау үшін бірнеше режим: динамикалық, жайлы, жеке (алғашқы

Көмекші жүйелер

Көмекші жүйелер

Audi A3 Sportback көлігі жабдықталған болуы мүмкін жүргізушіге көмектің әр түрлі электронды жүйелері жүргізушіден жоғары көңіл бөлуді талап ететін күрделі және қауіпті жағдайларда көлік жүргізуді жеңілдетеді.

Matrix LED жарық диодты фаралары

Matrix LED жарық диодты фаралары

Жарық диодты фаралар Audi A3 Sportback көлігінің стандартты жабдығына кіреді. Опция ретінде матрицалық жарық диодты фаралар ұсынылады. Олар жолды бұрынғыдан да жақсы жарықтандырады және қарсы келе жатқан, сондай-ақ бір бағы

Спорттық стиль және цифрлық технологиялар

Жүргізуші мен алдыңғы жолаушының опциялы спорттық орындықтары, сондай-ақ беріліс қорабының селектор иінтірегінде Shift by Wire технологиясы қолданылған орталық консоль динамика сезімін күшейтеді.

Цифрландыру – бұл оңай

Цифрландыру – бұл оңай

Опциялық жабдық, мысалы, Audi Virtual Cockpit plus виртуалды аспаптар тақтасы және проекциялық дисплей² қосымша ақпаратты тікелей жүргізушінің көру аймағына шығаруға мүмкіндік береді. Ал тапсырыс бойынша ұсынылатын, көлемді дыбысы бар Bang & Olufsen 3D Premium Sound System акустикалық жүйесі музыканы тыңдаудан таңғажайып сезімдер сыйлайды.

Бәрі, тіпті жарық та өзгереді

Опция ретінде ұсынылатын салонды фондық жарықтандырудың кеңейтілген топтамасы әр түрлі 30 түсті қамтиды, осы түстердің көмегімен жеке түс профилін қалыптастыруға болады. Ескертпе: фондық жарықтандыруды иллюстрациялайтын осы анимацияның көмегімен Audi A3 Sportback салонын жарықпен әсемдеу мүмкіндіктерімен таныса аласыз.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: 8 (778) 017-37-44 Email: Info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу