AUDI автокөліктеріне кепілді талаптар
Жүрісін шектеусіз 2 жылға кепілдік мыналарға беріледі:
- барлық жаңа Audi автокөліктеріне;
- Audi түпнұсқалық қосалқы бөлшектеріне;
- Audi түпнұсқалық аксессуарлары мен керек-жарақтарына.
Қосымша:
- Қайсысы ертерек болатындығына байланысты, 2 жылға немесе 120 000 км-ге кеңейтілген кепілдік;
- Жүрісін шектеусіз, шанақтың лак-бояу жабынында ақаулардың болмауына 3 жылға кепілдік;
- Жүрісін шектеусіз, тесіп өтетін коррозияның болмауына 12 жылға кепілдік;
- (AUDI е-tron) жоғары вольтты батареясына, қайсысы ертерек болатындығына байланысты, 8 жылға немесе 160 000 км-ге кепілдік.
Кепілдіктен кейінгі қолдау көрсетудің міндетті талабы материалдардағы немесе жұмыстардағы зауыттық кемшілік себебінен болған ақау болып табылады. Бұл қызметті көрсету үшін өндірушінің талаптарына сәйкес регламенттелген сервистік қызмет көрсетуден өткендігін растайтын ресми дилерде қызмет көрсету тарихының болуы қажет.
Кепілдіктен кейінгі қолдау көрсету (Kulanz) — дилерлік кәсіпорын атынан ерікті қызмет көрсету кепілдік кезеңі аяқталғаннан кейін (автокөліктің шығарылғанына 10 жыл толмаған жағдайда) зауыттық ақауды жою шығындарын ішінара өтеу туралы ерікті шешім қабылдаудан көрініс табады.