конфигуратор
Daytona Gray Pearlescent
Daytona Gray Pearlescent Glacier White Metallic Ibis White Myth Black Metallic Navarra Blue Metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
3996 см3
Қозғалтқыш
600 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
800 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Таза шаттық

Таза шаттық

Audi Sport ұсынған ең қуатты купе-кроссовер: Audi RS Q8.

Көлік жүргізуден алатын әсерлер

Көлік жүргізуден алатын әсерлер

Барлығы дерлік мүмкін. Тапсырыс бойынша көліктің электроникамен шектелген ең жоғары жылдамдығын сағатына 250 км-ден 280 немесе тіпті 305 км-ге дейін арттыруға болады.

Интерьер

Интерьер

Audi RS Q8 салоны RS сериясы үшін арнайы әзірленген бөлшектермен жабдықталған. Опция ретінде ұсынылатын қызыл түсті RS дизайн-топтамасы автокөлік интерьеріне бұдан да гөрі айшықты акценттерді қосуға мүмкіндік береді.

Сыртқы түрі


Жалпақ доңғалақ аркалары, бамперлердің таныс келбеті, жалпақ жолтабаны және төбе жиегіндегі RS спойлері үлгінің спорттық сипатын көрсетеді.
Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
³Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹Иық деңгейіндегі жалпақтық.

Орасан зор қуатты интеллектуалды беру

Audi RS Q8 айналу сәтін барлық доңғалақтарға бөліп тарататын опциялық спорттық дифференциалы бар quattro тұрақты толық жетегімен жабдықталған. RS ерекше баптаулары бар бейімделген спорттық пневматикалық аспа мен барлық доңғалақтарды рульдік басқару жүйесі кері байланысты жақсартады және жоғары жылдамдықта да, тұраққа қою кезінде де тамаша басқару мүмкіндігін қамтамасыз етед

Әсерлі сипаттамалар

Әсерлі сипаттамалар

Жұмыс көлемі 4 литрді құрайтын, қуатты 600 ат күшіне дейін дамытатын және 800 Нм дейінгі айналу сәтін беретін V8 TFSI қозғалтқышы quattro тұрақты толық жетегімен және Tiptronic сегіз сатылы автоматты беріліс қорабымен үйлеседі. Осының бәрі Audi RS Q8 көлігін таза динамика эталонына айналдырады.

Инновациялық технологиялар

Инновациялық технологиялар

Опция ретінде ұсынылатын электрмеханикалық белсенді тұрақтандырғыштар динамиканы қосымша жақсартады және қисаюды азайтады, бұл әсіресе күрт бұрылыстарда байқалады. Audi Drive Select жүйесінің көмегімен көлік сипаттамаларын өзгерту үшін руль дөңгелегіндегі RS Mode түймесін басу жеткілікті.

Қуат және динамика: дизайн

Үлкен ауа тартқыштары бар RS бампері алдыңғы спойлермен және RS сериясына тән ара ұяшықтары пішініндегі радиатор торымен үйлесімде көліктің алдыңғы бөлігіне керемет ерекшелік береді. Көз тартарлық келбеті үлгінің спорттық пішініне ерекше назар аударады.

Карбонды/жылтыр қара түсті сыртқы сәндеу элементтерінің опциялық топтамалары

Карбонды/жылтыр қара түсті сыртқы сәндеу элементтерінің опциялық топтамалары

Шынайы әсемдік

Шынайы әсемдік

Audi RS Q8 көлігіне тапсырыс беру кезінде RS сериясы үшін арнайы әзірленген сыртқы әрлеу топтамаларымен үйлесетін, әр түрлі түстердегі Y тәрізді бес шабағы бар, опция ретінде ұсынылатын бірегей 23 дюймдік Rotor жеңіл қорытпалы дискілерін таңдауға болады. Шабақтар арқылы тежегіштердің тамаша жұмысын бақылауға болады: опция ретінде сұр (Anthracite Grey), қызыл немесе көгілдір түске боялған RS керамикалық тежегіштері ұсынылады.

Көру. Түйсіну. Сезіну

Көру. Түйсіну. Сезіну

Audi RS Q8 көлігінде жүргізушіге сапарда көмектесе алатын цифрлық технологиялардың кең спектрі іске асырылған. Мысалы, RS стиліндегі түпнұсқалық дизайны бар Audi Virtual Cockpit виртуалды аспаптар тақтасы айналу сәті, қуат, үдеу, шеңберлерден өту уақыты және қайта жүктеулер туралы ақпарат береді. Оны жүргізушінің қалауы бойынша баптауға болады.

Динамика мен тиімділіктің квинтэссенциясы

Audi RS Q8 алдыңыздан көптеген мүмкіндіктерді ашады. Бұл үлгі әсерлі динамикасымен ғана емес, керемет тиімділігімен де ерекшеленеді. Орындықтары бүктелген күйінде Audi RS Q8 көлігінің жүксалғыш көлемі 1755 литрге дейін ұлғаяды. Стандартты жиынтықталымға кіретін үш жолаушыға арналған артқы орындықты алға және артқа жылжытуға болады.

Audi exclusive бағдарламасымен. Бұрынғыдан да танымал

Audi exclusive бағдарламасымен. Бұрынғыдан да танымал

Өзіңіздің Audi RS Q8 көлігіңізді ерекше көлікке айналдырыңыз. Бұл мәселеде Сізге эксклюзивті сәндік элементтер, ерекше тәсілмен өңделген және ерекше түстегі былғары, сондай-ақ Audi exclusive бай палитрасынан алынған шанақтың дара бояуы көмектеседі. Мысалы, шанаққа Audi exclusive ұсынған «металлик» әсері бар көк Ascari Blue түсін таңдауға болады.

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Audi exclusive бағдарламасы Audi RS Q8 салонына қосымша даралық береді. Мысалы, Сіз Diamond Silver күміс түстес контрастылы тігісі бар сұр Jet Gray түсті Valcona былғарысынан жасалған эксклюзивті қаптаманы таңдай аласыз.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: 8 (778) 017-37-44 Email: Info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу