конфигуратор
Daytona Gray pearl
Daytona Gray pearl Glacier White metallic Ibis White Myth Black metallic Navarra Blue metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
2894 см3
Қозғалтқыш
450 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
600 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Межелі орын – қызықты саяхаттың басы ғана

Межелі орын – қызықты саяхаттың басы ғана

Тамаша динамика пішінге ие болғанда, мінсіз қуат көрінісі – Audi RS 5 Coupé дүниеге келеді. Динамика – бұл үлгінің мәні.

Көлік жүргізуден алатын әсерлер

Көлік жүргізуден алатын әсерлер

RS спорттық аспасы тамаша динамиканы және тіпті спорттық жолдың бұрылыстарында да тамаша тұрақтылықты кепілдейді.

Салон

Салон

Бұл үлгіні ұнатушыларды қызықтыратыны – жоғары сапалы материалдар, мінсіз құрастыру және бірегей RS технологиялары.

Сыртқы түрі


Энергия тарататын көрнекті алдыңғы бөлігі. Купе шанақты үлгілерге тән тегіс сызықтар. Шанақтың әдемі жалпақтығы және әсерлі артқы бөлігі. Міне, Audi RS 5 Coupé көлігінің қысқаша портреті осындай.
Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹Иық деңгейіндегі жалпақтық.

Нағыз динамикадан ләззат алыңыз

Audi RS 5 Coupé сапардың алғашқы секундтарынан-ақ RS үлгісінің қайталанбас спорттық сипатын сезінуге мүмкіндік береді.

Қуатты қозғалтқыш

Қуатты қозғалтқыш

Екі турбоайдағышы бар, қуатты 450 ат күшіне дейін және айналу сәтін 600 Нм дейін дамытатын, көлемі 2,9 литрлік V6 TFSI қозғалтқышы тұрақты спорттылықты кепілдейді.

Мінсіз динамика

Мінсіз динамика

Опциялық спорттық дифференциалы бар quattro тұрақты толық жетегі жолмен өте жақсы ілінісуді, әсерлі динамиканы және көлікті тамаша жүргізуді қамтамасыз етеді. Опциялар тізбесіне бұрылыстарда бұрынғыдан да жетілдірілген динамиканы және бағытта тамаша тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған Dynamic Ride Control (DRC) амортизаторлардың қаттылығын реттеу жүйесі бар Audi RS sport suspension plus спорттық аспасы кіреді.

Нағыз купе – түпнұсқалық Audi RS: дизайн

Audi RS 5 Coupé спорттық келбеті бір көргеннен әсер қалдырады.

Көрнекті алдыңғы бөлігі

Көрнекті алдыңғы бөлігі

Бұл RS үлгісінің алдыңғы бөлігінен сенімділік лебі еседі. Көзге бірден түсетін доңғалақ аркалары мен RS сериясына тән көрнекті табалдырық қаптамалары көліктің жалпақ жолтабанына назар аудартады.

Спорттық келбет

Спорттық келбет

Диффузорында RS үлгілеріне тән ендірмесі бар шанақтың көрнекті артқы бөлігі көлік жарыстарын еске түсіреді, ал опция ретінде ұсынылатын қара түсті 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер спорттық бейнені тәмамдайды.

Даралық: төбесінен бастап ең ұсақ детальдарына дейін

Даралық: төбесінен бастап ең ұсақ детальдарына дейін

Өзіңіздің Audi RS 5 Coupé көлігіңіздің келбетіне қосымша даралық енгізіңіз. Өзінің жеңілдетілген конструкциясының арқасында динамиканы шын мәнінде жақсартатын, көміртекті пластиктен жасалған опциялық төбенің көмегімен Сіз оның спорттық сипатын арттыра аласыз. Немесе электр жетегінің көмегімен бірқалыпты реттелетін күннен қорғайтын пердесі бар панорамалық шыны төбені таңдау арқылы өзіңіз үшін жаңа көкжиектерді аша аласыз. Ол опция ретінде ұсынылады.

Жүргізушінің орнына қош келдіңіз

Audi RS 5 Coupé басқару құралдары осы үлгінің айрықшалығын көрсетеді. Оның динамикалық сипаты салонынан: опция ретінде қолжетімді болатын, RS әріптерімен бедерленген, Feinnappa былғарысымен қапталған, контрастылы тігіспен ара ұяшықтары пішініндегі өрнекпен безендірілген plus сәнді алдыңғы спорттық орындықтарынан да көрінеді. Орындықтар функциялар жинағы кеңейтілген, төменгі сегменті қиғашталған, RS эмблемасы бар, руль астындағы ауыстырып-қосқыштары алюминийден жасалған, былғарымен қапталған, көп функциялы, үш шабақты спорттық руль дөңгелегімен тамаша үйлеседі. Тек RS сериясы үшін ұсынылатын айналу сәті, шеңберді өту уақыты, шиналардың үдеуі, қысымы және температурасы туралы ақпараты бар Audi virtual cockpit plus опциялық виртуалды аспаптар тақтасы да (опция) өзіне назар аудартады.

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Audi exclusive бағдарламасы Audi RS 5 Coupé салонына қосымша даралық береді. Мысалы, Сіз сары Calendula Yellow түсті ара ұяшықтары пішінді тігісі және сары Citrus Yellow түсті сәндік ендірмелері бар қара түсті Feinnappa былғарысымен қапталған plus алдыңғы спорттық орындықтарын таңдай аласыз.

Audi exclusive бағдарламасының арқасында. Бұрынғыдан да танымал

Audi exclusive бағдарламасының арқасында. Бұрынғыдан да танымал

Өзіңіздің Audi RS 5 Coupé көлігіңізді ерекше көлікке айналдырыңыз. Бұл мәселеде Сізге эксклюзивті сәндік элементтер, ерекше тәсілмен өңделген және ерекше түстегі былғары, сондай-ақ Audi exclusive бай палитрасынан алынған шанақтың дара бояуы көмектеседі. Мысалы, шанаққа Audi exclusive ұсынған сары Citrus Yellow түсін таңдауға болады.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: +7 (778) 017-39-08 Email: info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу