конфигуратор
Daytona Gray pearl
Daytona Gray pearl Glacier White metallic Ibis White Myth Black metallic Navarra Blue metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
3996 см3
Қозғалтқыш
600 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
800 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Табыс үшін марапат

Табыс үшін марапат

Іскерлік кездесуге, отбасымен қала сыртында серуендеуге немесе демалыс күндерінде әуесқойлық жарысқа болсын – қайда жол тартсаңыздар да, Audi RS 6 Avant ең жақсы шешім болады. Динамика – оның мәні.

Көлік жүргізуден алатын әсерлер

Көлік жүргізуден алатын әсерлер

Бұл спорттық көліктің бірегей «жүрегі», екі турбоайдағышы бар, көлемі 4 литрлік V8 TFSI қозғалтқышы қуатты 600 ат күшіне дейін дамытады.

Интерьер

Интерьер

Оның ең қатаң сапа стандарттарына сай жасалған кең салонында жүргізуші мен төрт ересек жолаушыға орын жеткілікті.

Сыртқы түрі


Көрнекті және харизмалы Audi RS 6 Avant әрқашан ұмытылмас әсер қалдырады.
Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
³Төбесіндегі антеннасымен көліктің биіктігі 12 мм-ге артады.
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹Иық деңгейіндегі жалпақтық.

Әмбебап спорттық көлік

Дизайны егжей-тегжейлі ойластырылған бұл қуатты спорттық автокөлік күнделікті өмірге өте қолайлы. Үлгі сериялы түрде жабдықталатын RS бейімделген пневматикалық аспасы ұзақ сапарларда жайлылықтың жоғары деңгейі мен керемет динамиканы қамтамасыз етеді.

Таңқаларлық динамика

Таңқаларлық динамика

Режимдер, мысалы, ұзақ сапарларда жайлылыққа бейімделген немесе жарыс жолында көлік жүргізуге арналған режимдер кез кел

Мұнда бәрі ерекше

Мұнда бәрі ерекше

Тиісті опцияға тапсырыс бергенде, көлемі 4 литрлік, екі турбойадағышы бар V8 TFSI қозғалтқышы көлікке жылдамдықты сағатына 305 км-ге дейін үдетуге мүмкіндік береді.

Жарқын және харизмалы: сыртқы түрі

Жарқын және харизмалы: сыртқы түрі

RS стиліндегі көптеген элементтер Audi RS 6 Avant үлгісін шынымен бірегей және автокөлік топтамаларына лайықты етеді. Шанақтың артқы бөлігінде RS бампері, RS диффузорының ендірмесі және төбе жиегіндегі динамикалық спойлер өздеріне назар аудартады. Шанақтың алдыңғы бөлігіндегі ең көрнекті элементтердің қатарына көлемді доңғалақ аркалары, Audi Singleframe жиектемесіз радиатор торы, RS бампері және үлкен бүйірлік ауа тартқыштар кіреді.

Жаңашыл сипат: салон дизайны

Жаңашыл сипат: салон дизайны

RS спорттық орындықтары ыңғайлы отыруды қамтамасыз етеді. Тапсырыс бойынша оларды ромб тәрізді суреті бар жоғары сапалы матамен немесе ара ұяшықтарының өрнегі және желдету функциясы бар перфорацияланған былғарымен қаптауға болады. Алюминий жабыны бар, қара Anthracite түсті стандартты Race сәндік ендірмелері мен қызыл немесе сұр түсті детальдары бар екі опциялық RS дизайн топтамасы көрнекті салон дизайнына қосымша спорттық штрихтар енгізеді. MMI Touch Response жүйесінің сенсорлық дисплейлері интерьерге тамаша үйлеседі.

Жолжүкке көп орын

Жолжүкке көп орын

Артқы орындықтар бүктелген кезде жүксалғыштың көлемі 1680 литрді құрайды. Бұл күнделікті өмірде ұшырасатын ең ерекше жағдайлардан шығу жолын табу үшін артығымен жетеді. Жүк тиеуді жеңілдету үшін жүксалғыш есігінің стандартты электр жетегін пайдалануға болады.

Audi exclusive арқасында. Бұрынғыдан да танымал

Audi exclusive арқасында. Бұрынғыдан да танымал

Өзіңіздің Audi RS 6 Avant көлігіңізді ерекше көлікке айналдырыңыз. Бұл мәселеде Сізге эксклюзивті сәндік элементтер, ерекше тәсілмен өңделген және ерекше түстегі былғары, сондай-ақ Audi exclusive бай палитрасынан алынған шанақтың дара бояуы көмектеседі. Мысалы, шанаққа Audi exclusive ұсынған кристалл әсері бар эксклюзивті қара Panther Black түсін таңдауға болады.

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Audi exclusive бағдарламасы Audi RS 6 Avant салонына қосымша даралық береді. Мысалы, Сіз Diamond Silver күміс түстес контрастылы тігісі бар қара түсті Valcona былғарысынан жасалған эксклюзивті қаптаманы таңдай аласыз.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: +7 (778) 017-39-08 Email: info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу