конфигуратор
Daytona Gray pearl
Daytona Gray pearl Glacier White metallic Ibis White Myth Black metallic Navarra Blue metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
1984 см3
Қозғалтқыш
190 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
320 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Спорттық сәнділік

Спорттық сәнділік

Талғампаз дизайн және озық технологиялар: Audi A5 Coupé

Сыртқы түрі

Сыртқы түрі

Audi A5 Coupé алдыңғы, бүйірлік және артқы бөліктеріндегі көз тартарлық әрлеу бөлшектері мен дизайншылар мұқият ойластырған шанақ элементтері оны көзге аласарақ және кеңірек етіп көрсетеді, бұл спорттық купеге қосымша сәнділік береді.

Салон

Audi A5 Coupe интерьерінде көлденең бағытталған сызықтар басым. Салон озық прогрессивті жабдықтармен жабдықталған, ал салонды әрлеу материалдары мен құрастырудың жоғары сапасы марка үшін дәстүрлі мінсіз талғам мен сәнділікті көрсетеді.

Панорамалық шолу


Осы панорамалық анимацияның көмегімен Audi A5 Coupé көлігін барлық жағынан тамашалап көруіңізге болады.
Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹Иық деңгейіндегі жалпақтық.

Ішінен де, сыртынан да тамаша көрініс

Жалпақ ауа тартқыштары мен хромдалған қаптамалары Audi A5 Coupé алдыңғы жағының ұшқыр пішінін ерекше етіп көрсетеді. Көрнекті табалдырық қаптамалары автокөліктің спорттық сипатын көрсетеді, ал опция ретінде ұсынылатын 20 дюймдік дискілері көрнекті доңғалақ аркаларында тамаша көрінеді. Диффузордың күңгірт күміс түсті көлденең қаптамасы мен газ шығаратын құбырлардың трапеция тәрізді қондырмалары кө

Спорт стиль ретінде

Спорт стиль ретінде

Опция ретінде ұсынылатын S line топтамасы Audi A5 Coupé көлігіңіздің спорттық сипаты мен бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл топтаманың құрамына, басқаларымен қатар, то

Жарқыраған жарық

Сатып алушыларға тапсырыс бойынша алыс жарықтың лазерлік технологиясы қолданылатын Matrix LED жарық диодты фаралары қолжетімді. Бұл опция жоғары жылдамдықта алыс жарықтың жарықтығын арттырады және, кәдімгі жарық диодты фаралармен салыстырғанда, екі есеге көбірек жарықтандыру қашықтығын қамтамасыз етеді, соның арқасында түнгі сапарларда қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артады.

Жетек

Бұл үш есікті спорттық купе ең заманауи технологиялармен және таңдау бойынша қуаттылығы 150 а.к.-нен 249 а.к.-не дейінгі үш бензинді қозғалтқыштың бірімен жабдықталады.

Ең жақсы көлік жүргізу стилі ме? Өзіңіздікі

Ең жақсы көлік жүргізу стилі ме? Өзіңіздікі

Опция ретінде ұсынылатын Audi A5 Coupé динамикалық рульдік басқару жүйесі көліктің жылдамдығына байланысты рульдік механизмнің беріліс қатынасы мен руль дөңгелегіндегі күшті реттейді. Audi drive select жүйесі алдын ала орнатылған бірнеше қозғалыс режимін (динамикалық, жайлы, автоматты, жеке және үнемді режимдерді) ұсынады және жүргізушіге кез келген уақытта көліктің ең маңызды жүйелерін өзінің көлік жүргізу стиліне сәйкес бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қосымша қолдау

Қосымша қолдау

Электронды көмекші жүйелер Audi A5 Coupé көлігімен кез келген сапарда жүргізушіге тамаша көмекші болады. Мысалы, опция ретінде ұсынылатын есікті ашу кезінде ескерту жүйесі артқы жақтан жақындап қалған көліктер туралы хабарлап, есікті ашпақ болған кезде жарық диодты индикаторды қосады.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: 8 (778) 017-37-44 Email: Info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу