конфигуратор
Daytona Gray pearlcent
Daytona Gray pearlcent Myth Black Metallic Ibis White Glacier White Navarra Blue Metallic
Техникалық сипаттамалар
мен бағалар
сипаттамалар
1395 см3
Қозғалтқыш
150 л.с.
Ең жоғары қуаттылығы
250 Н∙м
Ең жоғары айналу сәті
Өмірде іске асырылған прогресс

Өмірде іске асырылған прогресс

Audi A3 Sedan жабдығы ақпараттық ойын-сауық жүйесінен бастап электронды көмекшілерге дейін барлық жерде қолданылатын озық цифрлық технологиялардың кең спектрін қолдана отырып жасалған.

Сыртқы түрі

Сыртқы түрі

Сұр Manhattan Grey «металлик» түсті Audi A3 Sedan өзінің спорттық және стильді сыртқы келбетімен таң қалдырады.

Талғампаз және ымырасыз

Талғампаз және ымырасыз

Талғампаз, әрі ымырасыз озық және жүргізушіге бағдарланған салон да цифрлық технологияларға толы. Салонды фондық жарықтандырудың кеңейтілген топтамасының құрамында әр түрлі 30 түс шешімі бар.

Audi drive select жүйесі

Audi drive select жүйесі

Опциялық Audi drive select жүйесі жүргізушінің Audi A3 Sedan сипатын өз әдеттеріне, жол жабынына немесе жай ғана көңіл-күйіне сәйкес бейімдеуіне мүмкіндік береді.

Панорамалық шолу


Осы панорамалық анимацияның көмегімен Audi A3 көлігін барлық жағынан тамашалап көруге болады.
Габариттік өлшемдер

Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген. Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.

Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
Алдынан және артынан қарағандағы көрініс
Бүйірінен қарағандағы көрініс
*Орындық көпшігінен төбеге дейінгі ең үлкен биіктік.
Жоғарыдан қарағандағы көрініс
¹ Иық деңгейіндегі жалпақтық.

Баршаға қамқорлықпен

Озық технологиялар мен инновациялық көмекші жүйелер, қажет болған жағдайда, Audi A3 Sedan жүргізушісіне басып озу, тежеу, маневр жасау және тұраққа қою кезінде қолдау көрсетеді. Бұл ұзақ сапарларда да, қала ішіндегі тығыз көлік ағынында да жайлылықты едәуір арттырады.

Matrix LED жарық диодты фаралары

Жарық диодты фаралар Audi A3 көлігінің стандартты жабдығына кіреді. Күндізгі жүріс шамдарының ерекше цифрлық дизайны қолданылатын матрицалық жарық диодты фаралар опция ретінде ұсынылады. Бұл фаралар жолды бұрынғыдан да жақсы жарықтандырады және қарсы келе жатқан, сондай-ақ бір бағытта алда келе жатқан көліктердегі жүргізушілердің көздерін шағылыстыру қаупін айтарлықтай азайтады. Сонымен қатар, жарық жабдығының опциялық топтамасының құрамына Coming Home / Leaving Home функциясын қосқан кездегі әсерлі жарық сценарийі кіреді.

Көмекші жүйелер

Көмекші жүйелер

Audi A3 көлігі жабдықталған болуы мүмкін жүргізушіге көмектің әр түрлі электронды жүйелері жүргізушіден жоғары көңіл бөлуді талап ететін күрделі және қауіпті жағдайларда көлік жүргізуді жеңілдетеді.

Audi drive select жүйесі

Audi drive select жүйесі

Опциялық Audi drive select жүйесі Audi A3 негізгі тораптары мен механизмдерінің жұмыс сипатын Сіздің көлік жүргізу стиліңізге сәйкес өзгертуге мүмкіндік береді. Таңдау үшін бірнеше режим: динамикалық, жайлы, жеке (алғашқы екеуінің үйлесімі), автоматты, сондай-ақ үнемді режимдер ұсынылады.

Басқару тұжырымдамасы және ақпараттық ойын-сауық жүйелері

Басқару тұжырымдамасы және ақпараттық ойын-сауық жүйелері

Автокөлікті интуициялық тұрғыда түсінікті басқару MMI touch сенсорлық панелі бар MMI Navigation plus опциялық жүйесінің арқасында да мүмкін болады. Тапсырыс бойынша қолжетімді Audi virtual cockpit plus виртуалды аспаптар тақтасы және проекциялық дисплей ең маңызды ақпаратты тікелей жүргізушінің көру аймағына шығарады. Опция ретінде қолжетімді Bang & Olufsen 3D Premium Sound System акустикалық жүйесі керемет дыбыс сапасын қамтамасыз етеді.

Ең бастысы – алғашқы әсер

Ара ұяшықтары түріндегі өрнегі бар Singleframe радиаторының көз тартарлық кең торы бірден өзіне назар аудартады. Тегіс бүйірлік сызығы артқы есіктерді қамтып, көліктің ұзындығына назар аударады, ал кең шанағы спорттық сипатын күшейте түседі.

Нағыз өзіңіздікі

Нағыз өзіңіздікі

Audi Exclusive бағдарламасының арқасында Сіз Audi Exclusive бағдарламасы аясында ұсынылатын шанақ түстерінен, сондай-ақ әрлеу түстерінің үлкен палитрасынан көптеген нұсқалардың бірін таңдап,өзіңіздің Audi A3 көлігіңізді толығымен бірегей ете аласыз. Мысалы, шанаққа Audi exclusive ұсынған «металлик» әсері бар қызғылт сары Coral Orange түсін таңдауға болады.

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Сіздің талғамыңызға сай даралық

Салонды әрлеу үшін Audi Sport Red түсті тігісіне тапсырыс беруге болады. Сонда орындықтарда, алдыңғы орталық шынтақ таянышында, аспаптар тақтасында, руль дөңгелегінде және

Carbon сыртқы әрлеу топтамасы

Carbon сыртқы әрлеу топтамасы

Carbon сыртқы әрлеу топтамасының көмегімен Audi A3 Sedan көлігінің спорттық сипатын ерекшелеп көрсетуге болады. Оның құрамына көміртекті талшықпен нығайтылған полимер материалдан (карбоннан) жасалған жоғары сапалы детальдар кіреді. Ол өзінің тегіс геометриялық құрылымымен және өзіне тән тоқылған талшықтар өрнегімен танымал. Сыртқы артқы көрініс айналарының корпустары мен жүксалғыш қақпағындағы спойлер де көміртекті пластиктен жасалған. Олар шанақ дизайнына айшықты және динамикалық акценттер енгізіп қана қоймай, сонымен қатар, лак-бояу жабынының түсімен айқын контраст түзеді.

Өтінім қалдыру
Бізге хабарласыңыз біз сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Телефоны: +7 (778) 017-39-08 Email: info@audi.kz Мекенжайы: г. Алматы, Кульджинский тракт, 12/2

Жұмыс кестесі:

Сізді қызықтыратын кез келген сұрақ бойынша бізге жазыңыз
Бізге жазу